РЕПЛИКА

0
1404

⠀⠀⠀⠀

Өзімді іздеп жүргенде өткен де, кеткен,
Құнын білмеген шақтарым кешсін бе мені?
Бір мекен тауып, көз түгіл көңіл жетпейтін,
Әйтеуір, кеткім келеді.

Кеткім келеді… Ұмыт боп шер мен шеменім,
Гүл өсер сосын мен жүрген соқпақта мұңлы.
…Қайырсыз болса тірлігім
Тәңірім бәрін,
Қалаймын тоқтатқаныңды.

Не істеу керек өзгелер күн кешіп жатқан,
Орын жоқ болса қоғамның ішінде сізге?
…Сусып барады жылдарым,
Қайырылмай маған,
Тағдыр-ау, түсінесіз бе?

Балдағы қылып жанына жалған күлкіні,
Өмірден мынау мезгілсіз өтер екен кім?
Өзімнен неге қашамын мойындай алмай,
Бәрінің бекер екенін.

Қадірсіз ойын тірліктен қажытқан сайын,
Үйір келеді неліктен күнәға адам?
Тағдыр да,
Түн де жазықсыз…
Осының бәрі
Дұрыстап жыламағаннан…


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here