ҚҰЛАЗУ

1
1030

Кешікпей ақпан көшер жер бетінен,
Құтылмаспыз Өмірдің енді өтінен.
Жалғыздықпен бетпе-бет қалмау үшін,
Қашатынды шығардым мен де түннен.

Жеңеді деп кім айтты ақыл бəрін,
Жалт бергені ауыр ғой, жақын жаның.
Қалай айтам, қалт басқан шағымды аңдып,
Досым да талай тырнақ батырғанын?!

Қашанғы серік болсын аңсар маған,
Бұл күндер көңіл қалды қанша арманнан.
Жабықтым ба, білмеймін жалықтым ба,
Таңымды тағы жалғыз қарсы алғаннан.

Өткенді бəрі мендей аңсай ма екен,
(Мекеніміз болады қай сай көкем?! )
Жалғандығын бəрінің білген кезде,
Адам өмір сүруден шаршайды екен.

Кінə артамын осы бір шаққа қандай,
Қажытты-ау, бұл ғұмырға бақ та қонбай,
.. Ерінімді тістелеп тағы отырмын,
Үмітімнің алдында ақтала алмай…

Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

1 Пікір

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here