Тамшы

 

Мөп-мөлдір тамшылар тізбегі

Бір сәт те қатарын үзбеді.

Жерді кеп өбеді жарқыным,

Жерден кеп махаббат іздеді.

Даланы осынша сүйіппе ең?

Құлайсың ғарыштан, биіктен.

Сезімге тең келер күш бар ма,

Жердің де бауырын иіткен?!

О, тамшы қызғана қараймын,

Сен дертін жуасың талайдың.

Сәулесін шашасың маңайға,

Төбеңнен құйылған арайдың.

Өлмейсің, мәңгі өмір сүресің,

Әманда таусылмас күресің.

Бу болып бұлттарға қосылып,

Тамшы боп қайтадан сіңесің.

Өз жарың жерге кеп көсілдің.

Нәр беріп сансыз бақ өсірдің.

Жер сенсіз, сен жерсіз күн кешсең,

Күйлерін тартасың жесірдің.

Менде де ару бар кекілді,

Гүл болып жайнайды не түрлі.

Тартады өзіне тағатсыз,

Тартады магнит секілді.

Тентіреп шалдықты ойларым,

Бір түйін бола алмай байламым.

Тамшыға айналғым келеді,

Әлемге ене алмай беймәлім.

Бүгінде үн қосып тілекке,

Туайын жыр болып, түлеп те.

Бір күндік тамшылық ғұмыр бер!

Тамшы боп сіңейін жүрекке.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here