***

Жүрегіме тыныштық бер, құдайым, 
Мына менен кеткен болса бір айып, 
Мына менен кеткен болса бір кінә, 
Тыныштығын қара түннің сұрайын.

Жүрегіме тыныштық бер, жаратқан, 
Қаусап қалып кетпейінші қараптан.
Кешпен бірге кешірімшіл болайын, 
Қарапайым болайыншы әр ақ таң.

Біреулерге тимесінші кесірім,
Ауыр сөзім шықса менен, кеш, ұғын…
Менің енді шын есімім – тыныштық,
Менің енді тұла бойым – кешірім.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here