Такси

Ақшаң болса апарамын қайда да, –

Деп такси шал жымияды қуақы.

Қолыңыздан келмейді, – деп жай ғана,

Жымиямын, ал, апарсаң міне ақы!

 

Астана ма, әлде ауыл, аудан ба,

Мен бармайтын жер жоқ, сірә, төлесең.

Көлігімнің ұсқынына алданба,

Зуылдайды, жылы ескілеу демесең!

 

– Өткен шаққа келер менің оралғым,

Іңкәріме жиі-жиі хат жазған.

Тек сол кезді сағынатын боп алдым,

Әттең, бірақ, ол мәңгілік тәтті арман.

 

Арманыма, бақытыма алып бар,

Сол жанды ойлап қалмас менде тағат та.

Керек десең бар ақшамды алып қал,

Ол –  “сүйем” деп жеткіз айтқан сағатқа!

 

Такси шалым жүре қолын сермейді,

Мекенжайы болмайды“, деп Бақыттың.

Айттым ғой мен, қолыңыздан келмейді,

Машинасы керек маған Уақыттың!

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here