(Ғалым Боқашқа)
Мешіт мұнарасына көтерілген Ғұлама
(азан әуелеп, ниет қып, қол байланғанша)
басқа бір кеңістікте ғұмыр кешетін
ғажайып Қара Құсқа мініп…
сонша зулаған уақытты сезбей
ессіз мүлгіген жұртқа таң қалар еді,
баяғы Биігінде тұрып».
Бұл бір, – Шығыстың аңызы.
Қол сағатымызға кірпік қақпай қанша үңілсек те,
тілшік көрсете алмайтын шексіз аралық –
уақыт ішіндегі уақыт, ұмытылған…
Байырғы Мұнараның түбінде
табаныма қиыршық тас батып,
үнсіз мүлгимін.
Ескі дуалды бойлап өскен
шырмауық пен өрмекші торлары шытырман…