Толассыз қоңырау шақырды…

Тұтқаны алмайды ол неге?

Дәл қазір мен жалғыз отырмын,

Екеуміз бір болған бөлмеде.

 

Көңілім тыншымайд, елеңдей,

Туарын күткендей жаңа айдың.

Құды бір сен еніп келердей,

Есікке әредік қараймын.

 

Шеті мен шегі де белгісіз,

Сан ойлар шимайлап санамды.

Маңайым көз түртсе көргісіз

Бөлменің іші де қараңғы.

 

Тұрдым да терезе алдында,

Аспаннан іздедім жарықты.

Қарасы көрінбей Айдың да,

Бұлттарға тығылып қалыпты.

 

Сен де жоқ, Ай да жоқ, Бұлт пен мен.

Қара түн, естілет шерлі үні.

Бөлмеде өзіңді күткенмен,

Қасыма келмесің белгелі.

 

Үздіксіз барады қоңырау,

Үніңді естуге асықтым.

Жауапсыз қалдырды… Өмір-ау!

Үнсіздік. Жалғызбын. Ғашықпын!

 

Ерқанат Қуатбекұлы


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here