***

Аппақ рояль керек емес бұлбұлға, 
Сүйемелдеп тұрады оны ерке жел.
Жұмбағыңды қосып беріп тылсымға,
Сұрай берсін көрген ел.

Көңіл көзің, көкірегің ояу ед,
Махаббатты ұстай білдің аялай.
Мен өзіңе жүрегімді жаяр ем,
Сүйе білген дарынымды аямай.

Әр әуенде көрінбейтін ғалам бар,
Әр өлеңнен бөлінбей-ақ тұрармын.
Содан мүмкін жаны жайсаң адамдар,
Өткеніме өкінбеген шығармын.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here