С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты  (БМКИ)  100 жылдық мерейтойы аясында   Алматы қаласының Достық үйінде екі елдің өнер Ордасының шығармашылық ұжымы  сондай-ақ  аталмыш институттың әр жылдардағы түлектері  баспасөз отырысында бас қосты. Бұл  БМКИ-діӊ 100 жылдық мерейтойын мерекелеу аясындағы «Қазақстандағы БМКИ күндері»   шарасын    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізілді. БМКИ 100 жылдығының шеңберінде белді ресейлік мамандардың бірқатар шеберлік сыныптарының өтуі жоспарланған. Солардың бірі Елбасымыздың кезекті жыл сайынғы жолдауына байланысты “Жаңа дәуірге – жаңа саналық модельмен” шеберлік сыныбы болмақ. Бұл шеберлік сыныбының барысында мәдениет пен өнердің жаңа дәуірде даму тенденциялары мен заңдылықтарын қарастыру көзделген. Бұл туралы академияның театр өнері факультетінің деканы Аман Құлбаев:

   – “Төртінші индустриялдық революция ғасырында өнердің қоғамдағы орны мен маңызы өзгеріп келеді. Әрине адамзат әрқашан заман талабына икемделе алып, заманауи шығармашылық процесстердің ортасында өз орнын таба білуі керек. Бұл шеберлік сыныбының басты құндылығы – Ел мәдениетінің болашақ даму бағдарын айқындауында”.

 «Институт басқа шет елдерге қарағанда Қазақстанмен өте тығыз қарым-қатынаста. БМКИ Қазақстанға бірінші рет келіп отырған жоқ. Тіпті БМКИ бұл жерде соғыс кезінде жәй ғана 2 жыл қоныстанбады, бірігіп, ауызбіршілікпен тату-тәтті жұмыс істеді. Біздің ардагер-ұстаздарымыздың айтуынша, қазақстандықтар сол бір қиын заманда нандарымен бөлісіп, қолдарынан келген көмектерін аямаған», – БМКИ  ректоры Владимир Малышев айрықша атап айтты.

Сонымен қатар, инситут ректоры алдағы 2019 жылы Мәскеуде өтетін 100 жылдық мерекелік мерейтойға Қазақстандағы барша институт түлектерін арнайы шақырды. Қазақстандық түлектерді институт жатын орындармен қамтамасыз етуді өз мойындарына алып отыр.

Сонау Кеңестер одағы заманынан бері кино өнерінің бастау бұлағы болған кино мектебінде  қазақ кино өнері мен мәдениетіне қомақты үлес қосқан Сатыбалды Нарымбетов, Сергей Азимов, Лаврентий Сон және көптеген дара тұлғалар қалыптасып шықты. Жиында алдағы уақытта да осындай талантты киношылардың ізін жалғастыратын екі елдің   кинематография саласының тығыз байланысы болуын және  келешек ұрпақтың  мәдени ынтымақтастығын арттыру қажеттігін  айтты. себебі болашақта екі   елдің арасындағы   мәдени құндылықтар әрқашан ортақ болған, болашақта да қасиетті өнерде шекара болмасы анық.

Осы сапар барысында институттың ең дарынды студенттері   алматылық көрермендер үшін: «Евгений Онегин», «Говорящий немой» атты екі спектакль және концерттік қойылымдарды, ал БМКИ шеберлері  пайдалы шеберлік сыныптарын   өткізді.  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері   шеберлік сабақтарын    «үлкен қуанышпен» қабылдады.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here