Адам атаны жаратқан соң, ұлық Алла оны пейішке кіргізді. Адам жәннатта жалғыз жүрмесін деп, Алла тағала оған жұп жаратуды ойлады. Ояу болса, қабырғасы ауырып, жанына батар. Қиналғаннан Хауаны жек көріп кетер. Ал, қалың ұйқыда жатқанда жаратсам, Хауаның қайдан жаралғанын білмей, жат көріп, суып кетуі мүмкін деп, әдейі ұйқылы-ояу хәлінде жаратты. Адам оянған соң, қасындағы сұлу әйелді көріп, оған көңілі ауды. Сосын Аллаға:

– Иә, Алла бұл кім? – деп сұрады.

– Бұл сенің жұбың. Қабырғаңнан жаралды, – деп жауап берді.

– Мына әйелге көңілім ауып тұр. Оны жақсы көріп қалдым. Оған үйленсем бола ма? – деп сұрады.

– Болады. Бірақ қалыңмалын төле, – деді Құдай.

– Иә, Алла мен оған қалыңмалын қалай төлеймін? Мендегі бар мүлік өзіңдікі. Тіпті үстімдегі киімді де сен бердің, – деді. Сонда Тәңірі тағала:

– Ақырдың соңында шығатын сүйікті пайғамбарың, өзіңнің ұрпағың Мұхамбет пайғамбарға салауат айт, – деді де, салауат айтудың үлгісін Адам атаға өзі үйретті. Содан бастап Мұхамбет пайғамбарға салауат айту парыз болыпты, ал қызға қалыңмал беру дәстүрі сүннет болып қалыпты.

Жебірейіл періште Адам ата Хауа ананың некесін қиып, екеуі үйленіпті.  Алла тағала оларға:

– Жұмақта не ішіп, не жесеңдер де рұқсат. Тек бидай дәнін жемеңдер, – деп ескертті. Адам ата бидайды жемеуге уәде етті.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here