PR-маманы қай заманда болмасын өзінің қызметін қоғамның игілікті мақсаттарына қызметіп келді. Қоғамға қызмет етуші, яғни халық пен байланыстырушы, адам санасына әртүрлі әдіс-тәсілдермен  түсіндіруші.  Қоғам  арасындағы түсіністік пен жақсы қарым – қатынастарды қалыптастыратын алтын көпір. 

  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен тұрақты түрде IV Халықаралық PR Көктемгі мектебі жалғасын табуда. Асындай халықаралық деңгейде бұл мамандықтың аясын кеңейтуде ауқымды шаралардың өткізілуі үлкен ақпараттық платформада үлкен мәнге ие болуда.

Қазірге кезде «пиарды» көпшілігі біліп, естіп жүргенімен  оған аса мән бермеуі мүмкін. Жастарға коммуникативтілік, креативтілік, шығармашылық көзқарас, жазу қабілетті, іскерлік қарым-қатынас, сөйлеу мәдениетіт, шешендік өнерді, көпшілікпен тез тіл табысуды, идеяларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыруды  үйрететін мамандық.

  Соңғы кездері біздің қоғамда PR деген сөзді пайдалану қалыпты жағдайға айналып отыр. Мұндай жаңа заманауи тенденцияның орын алуы заңдылық әрі қоғамның талабы. Айналаға және виртуальды әлемге көз алсаңыз тұнып тұрған жаңалықтар легі. Оның бізге қаншалықты қажеті бар? Қаншалықты пайдасы, зияны бар? Осы тұрғыдан алып қарағанда жаңа бағыт, жаңа сала, жаңа қызмет – қоғаммен байланыстың біздің өмірімізге жаңадан енуі көп жағдайлардың қыр-сырын ашуға көмектеседі, яғни сіз бен бізге қызмет көрсететін мамандық. Сонау мұхит асып келген қоғаммен байланыс қызметі барлық елдерге кеңінен таралып, айналамызда игілікті істерді әйгілеп, әспеттеп көрсетуде.   

PR шын мәнісінде үлкен өнер. Тарих, саясат, мәдениет, ғылым… Қоғам қоғам болып өмір сүргелі қоғаммен байланыстың қызметі басқа пішінде болғанымен мақсаты бір болды. Ежелгі тайпа көсемдері олардан кейін пайда болған    ферғауындар,  корольдер, патшалар және басқа да билік құрушылардың барлығы асқан данышпандығы мен рухани биіктігімен қоғамда өздерін танымал етуде атақ-даңққа ұмтылды әрі халықпен байланысуға мүдделі болды. Қазіргі заманғы  түсінікпен алып қарайтын болсақ,  бұл – қоғаммен байланыс. Сол себепті де көптеген өнердің қосындысы мен жиынтығы деп айтуға толық негіз бар.  

   Ол  Еуропада қоғаммен байланыс саласындағы алғашқы қызметтер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды,бұл өз кезегінде Англия мен Франциядағы қоғаммен байланыс саласының интенсивті дамуының негізін қалады.Сэм Блэктің пайымдауынша,дәл осы әскери ақпарат пен басқа да әскери қызметтер министрлігінің жұмысы Ұлыбританияда пиар саласындағы мамандандырылған мамандардың көп бөлігін дайындауға мүмкіндік берді.Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімдер бірінші кезекте муниципалды құрылымдарда пайда болып,әскери насихаттаушылардан құралды.

 ХХІ ғасыр – ақпарат заманы. Қазіргі қоғамдағы негізгі ақпарат көзінің бірі – бұқаралық ақпарат құралдары. Қазіргі коммуникативтік кеңістікте ақпарат көздері сан алуан болып келеді: радио, теледидар, газет, журнал, кітаптар, жарнама, интернет жүйесі, жаңа медиа-технологиялар т.б. Ақпарат көздерінің қай-қайсысының  да  басты мақсаты – көпшілік назарын аудару.

Ақпараттар арнасы шектен тыс көбейген осындай ортада   әртүрлі коммуникациялар  назар аудартуға,    қызығушылық тудыруға, жағымды әсерлерді адамдардың санасына ұзақ уақыт сақтауға әрекет етеді.  Осы қосалқы коммуникация саласына   PR жатқызылады.

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қоғаммен  байланыс мамандығы бойынша сапалы білім беруге қажетті материалдық-техникалық база мен кәсіби оқытушылар құрамы бар. Қазақстанда қоғаммен  байланыс бойынша мамандар даярлау жөніндегі білім беру бағдарламасы сыннан өткен жүйеге сүйенеді. Оқу университет кампусында өтеді, факультет ыңғайлы жарық аудиториялармен, дәріс оқитын залдармен жабдықталған, сабақтар интернетке қосылған компьютерлік сыныптарда, заманауи сандық радио- және телестудияларда, баспа кешенінде жүргізіледі, кітапхана барлық қажетті оқулықтармен қамтылған. «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша оқитын студенттер факультет серіктестері ұйымдастыратын халықаралық, республикалық, қалалық PR-шараларға белсене қатысады. Жетекшілерімен бірге ғылыми зерттеулермен айналысады. Шетелде тәжірибеден өтуге мүмкіндік бар.

 

Э. Сұлтанбаева,

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here