әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен   өткен шара “Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа” деп аталды. Шараға “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғалия Әженова, PR маманы, “Пионер Capitally invest” ЖШС Бас директоры Қуат Домбай, “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы қоғамдық қорының президенті Есенгүл Кәпқызы, ақын, тәуелсіз журналист Бекжан Әшірбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешенінің директоры Дәурен Мұхамеджанов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, филол.ғыл.к. Александр Рожков, “Factcheck.kz” сайтының редакторы Думан Смақов және “Medianet” халықаралық журналистика орталығы, “Factcheck.kz” сайтының журналисі Жансерік Тілеухан өз дәрістерін жиналған болашақ журналистерге паш етті.

  

PR – жаңа медиа ретінде қарастыратын болсақ, өте ауқымы кең заманау жаңа технологиялардың жиынтығы. Әсіресе, қоғамды көпшілікпен байланыстыруда, тұлғалардың беделін қалыптастыру, басқару ісіне көбірек мән беріледі. Осындай өзекті мәселелермен қоғаммен байланыс мамандары айналысады. Қазіргі кезде бұларды барлық министрліктер, мемлекеттік және жеке ірі компаниялар және бірқатар ірі тұлғалардың жанынан көруге болады. Олар министрліктің немесе мемлекеттік жеке компанияның баспасөз қызметінде, қоғаммен байланыс департаментінде, жарнама және маркетинг бөлімінде, БАҚ-пен байланыс бөілімнде немесе жеке PR агенттігінде жұмыс істеуі мүмкін. Мінеки, жаңа заманауи жаңа медианы бірқатар қоғамдық ұйымдармен кеңінен аймақтарда өткізілуінің себебі де осында. Екі күн бойы тегін дәріс тыңдап қана қоймай, өздерін мазалаған сұрақтарды іркілмей екін қойған Жетісулық жастарға біз де риза болыстық. Шын қызығушылығы бар жастар сол мамандықтың шыңына шығары сөзсіз.
  

Шара соңында негізгі ұйымдастырушылар атынан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі Назгүл Тұрсынбайқызы Шыңғысова барлық қатысушыларға арайы сертификаттар мен дипломдар және ҚазҰУ Телерадиокешенінің күнтізбесін сыйға тартты.
         Талдықорғанға келген арнайы спикерлер атынан Жетісу университетіндегі жас журналистердің қамқоршы ұстазы Жұмағали Есенбекке, өңірлік коммуникация қызметінің бөлім басшысы Жанна Арынбековаға шын ниеттен алғысымызды білдіреміз

А. Сәдуақасов, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының аға оқытушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here