Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына бағытталған атақты  ресейлік БМКИ-дің 100 жылдық мерейтойы аясында  Алматы қаласында 16-18 мамыр аралығында  «Алматыдағы  БМКИ күндері» өтті. Атап айту керек, екі  елдің өнер ұжымдарының шығармашылық кездесуі  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті.

   Осы сапар барысында сонау Кеңес заманынан бері кино өнерінің бастау бұлағы болған Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтыныӊ профессорлық құрамы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері үшін   режиссура бойынша институт профессоры, шығармашылық шеберхана жетекшісі Вадим Абдрашитов өз тәжірибесімен бөлісті.

   Мәскеулік кинорежиссер Вадим Абдрашитов пен оның әріптестерін толғандыратын мәселе киноның бүгіні мен болашағы. Шығармашылық жоғары оқу орындарында білім беру саласына жаңа өзгерістер енгізуді ұсынды. Жоғары білімі бар азаматтарға грант бөлуді қарастыру керек, өйткені бұл режиссура мамандығы  өмірлік тәжірибе жинақтауды талап етеді. Қазіргі ұрпақ өкілдері нағыз тәрбиелік мәні бар киноны көргілері келмейді. ТМД елдерінің барлығына бірдей қалыпты жағдай» деп атап көрсетті. Сондай-ақ шебер, қазақ киноөнерін бағалайтынын айрықша атап айтты. Ресейде өткен бір фестивальде академия түлектері түсірген «Луч утренней зари» және «Өліара»  фильмдері көңілінен шығыпты.  

   Сондай-ақ,   режиссерлерліктің қыр-сырын жетік меңгеріп кету үшін    жылдар бойына тәжірибелер  қажет. Біздің шығармашылық  мектебіміз сіздерге қарағанда басқа, екі жақтың мектебі бір-бірімен мүлде ұқсамайды. Сол себепті өзара тәжірибе алмасу өте маңызды» – деді  шебер. 

   Өткен  күндерге көз жүгіртсек, екі ел арасындағы киноөндірісінде ортақ тарих, ортақ тағдыр бар екенін  білеміз. Өйткені БМКИ-дің сонау соғыс жылдарында Алматыға қоныс аударғаны белгілі. Осылайша ел басына күн туған жылдарда да кино өнері өшкен жоқ. Керісінше, өз кәсібінің мықты деген мамандары тәрбиеленді. Кәсіби шеберханалар қалыптасты. Мәскеулік шебердің дәрісі өнерсүйер студент қауымы үшін естен кетпес қызықты естелік болып қалды.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here