Криптовалюта деген не?

Интернетте жасалып, сонда әрекет ететін орталықсыздан­ды­рылған ци­фрлік валюта. Ол крипто­гра­фия­лық («құпия жазу» деген сөзден шыққан, өз­гертуге келмейтін таңбалар жиын­тығы) технология­лармен қорғалған. Атауы да содан шыққан.

Бұл ақша бірліктерінің физика­лық баламасы жоқ, олар тек виртуал ке­ңіс­тікте ғана жүреді.

Қарапайым тілмен айтсақ, бұл он­лайн-ойындағы тиын-теңгелерге ұқ­сайды, тек оны ойында ғана емес, ауқымдырақ мақсатта да қолдануға болады.

 

Блог деген не, блогер деген кім?

 

Қарапайым сөздермен айтқанда БЛОГ де­геніміз:

  • хронологиялық тәртіппен жазы­лып, үнемі жаңартылып отырылатын «желі журналы» немесе «онлайн күнделік»;
  • құрамы: қысқаша жазба, түсі­нік­теме, мағлұматтар, бейне-сурет­тер, сілтемелер, комменттер және т.б. тұратын жазба;
  • қоғамда, айналаңызда болып жат­қан кез-келген жәйтқа жеткізген ойы­ңыздың, сезіміңіздің формасы;
  • не істегеніңіз, не істемегеніңіз жә­не бірдеңе істеп жатқандағы қалауыңыз;
  • журналистиканың жаңа онлайн не азаматтық түрі – блоггингттің негізгі тірегі, өнімі.

БЛОГЕР – блог жүргізетін адам;
• өзінің өмірін, көзқарасын, ойын ға­лам­тордағы миллиардтың назарына ұсынатын,  қаламына «өзі қожа, өзі би», ешкімге бағынышты емес, ақпарат кеңістігінде еркін ой ақта­ратын белді сыншы, блогты қалай, қай форматта жүргізгісі келсе, солай жүргізуге құ­қықты тұлға.

 

Теңіз милі деген не?

 

Біздің өлшемімізге шаққанда те­ңіз милінің қашықтығы 1852 ме­трге тең. Бұл өлшемнің теңіздерде сапар шек­кенде қолданылатыны атынан-ақ белгілі.

 

Оазис деген не?

 

Оазис ешбір тіршілік етуге бол­майтын құмды шөлдің ортасындағы, не шетіндегі суы мол, құнарлы жер­лерді айтады. Ондай жерлерге елді- мекендер орналасып, егін егеді, мал бағады. Жыл құстары да мұндай оа­зистерге қонып, тыныстап кету­ден қашпайды.

 

Виквам деген не?

 

Виквам – Солтүстік Америкада өмір сүретін үндістердің белгілі бір тайпасы тұрған үй үшін пайда­ла­на­тын, жоғарғы жағы сүйірленіп бай­ланған, төбесі жапырақтармен жа­былған күрке.

 

Марка қайдан шыққан?

 

Алғашқы хат маркасы 1840 жыл­дың 6 мамырында Англияның пошта мекемесінде сатылған.

 

Мұхиттың терең жері қайда?

 

Мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхитындағы Мариан аралдарының тұсында. Ол жердің тереңдігі 11029 метр.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here