Гирудотерапия (латынша hirudo – сүлік, therapeia – емдеу, терапия) – сүліктің көмегімен адамды емдеудің медицинадағы көптеген мың жылдықтар бойына аса танымал емдеу тәсілі. Ол медицинаның ең ежелгі әдісі де. Қазіргі заманғы медицинада да сүлікпен емдеу кеңінен қолданылады. Мұнда кез-келген сүлік емес, тек медициналық сүлік қана қолданылады. Оларды арнайы биологиялық фермаларда өсіреді. Мұндай сүлік еш зиянсыз және мұқият таза (стерилді) және пациент организміне ешқандай жұқпа (инфекция) ендірмейді. Оған қоса әрбір сүлік тек бір рет пайдаланылады. Сондай-ақ сүлік кеселді сезу қабілетіне ие. Ол шынымен де ауру ағзамен немесе дертті аймақпен жұмыс істейді.

Сүліктің емдік әсері оның сілекей бездерінен бөлінетін секретке байланысты. Секрет сүлік теріні тістегеннен бастап қан сорудың барлық кезеңінде адам организміне түсуін жалғастырады. Секретте биологиялық белсенді заттар гиалуронидаза, гирудин, бделлиндер, эглиндер, дестабилазалық кешен (табиғи липосома) және с.с. бар. Сүліктің сілекейі бұдан бөлек бактерияға қарсы әсерге ие.

Бүгінде гирудотерапия тәсілінің біреулерге ескірген, ал біреулерге – экзотикалық болып көрінуі мүмкін. Сондай-ақ көбіміздің дәрі-дәрмекке аса үйір болатынымыз да жасырын емес. Бірақ кез-келген химиялық дәрінің жағымсыз тұстарының да жеткілікті екенін ескерген жөн. Ал медициналық сүлік бұл тұрғыда мұндай кері ықпалдан ада, әрі табиғи. Ем қолданар алдында оны пайдаланудың бірнеше қарсылықтары ескерілсе болғаны.

Мұндай ем ең алдымен денесінде іркілістің дамуына бейім адамдарға аса қажет. Ал іркіліс дерттің барлық түрінде, кәрі адамдарда жиі пайда болады. Адамның жасы ұлғайған сайын ондағы қан қоюланып, лимфа ластанып, олардың ағысы баяулап, тромбтардың түзілу қауіпі артады.

Медициналық сүлікпен емдеу көтеуде (геморройда), тромбофлебитте, мастопатияларда өте жақсы нәтиже береді. Гирудотерапия гинекологиялық кеслдерді емдеуде де өзін жақсы жағынан көрсетті. Сүліктің көмегімен жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларын, түрлі тері дерттерін, урологиялық сырқаттарды емдеп қана қоймай, олардың алдын алуға болады.

Қазірде гирудотерапияны қолдануға жалпы мақұлданған қарсылықтар мыналар: сүліктің жеке адамға жақпауы, ауыр дәрежелі қан аздықтар, қан қысымынң тым төмен болуы, жүктілік. Қосалқы теріс әсері сүлік жабысқан тұстағы терінің қызаруы мен ісінуі, сондай-ақ терінің қышуы түрінде көрінуі мүмкін. Алайда бұлар біртіндеп емдеусіз-ақ өздігінен кетеді.

Бір өкініштілігі елдің, оның ішінде тіпті медицина қызметкерлерінің басым бөлігінің гирудотерапия туралы шынайы ақпарттарының аздығы. Оған қоса сүлікпен емдеумен білікті мамандар емес, емшілердің, медицинадан мүлдем хабары жоқ жеке адамдардың айналысатыны. Олардың тіпті бір адамға салынған сүлікті науқастың көзінше құстырып, екінші адамға пайдалануы тіптен масқара. Бұл жерде «науқасқа зияның тимесін!» деген медицинаның алтын қағидасы өрескіл бұзылып тұр. Бұған қоса еліміздегі гирудотерапияға қатысты заңды құжаттарда онымен тек арнайы дайындықтан өткен гирудотерапевт дәрігердің ғана айналысуға құқығы бар. Медициналық сүлік – дәрі ретінде тіркелген. Өз денсаулығын қадірлейтін адамның дәріні және емді мұрнына медицинаның иісі бармайтын адамнан алмайтыны айдан анық, тіпті атағы «жер жарған» емшіден болса да.         


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here