Ася Асеткина деген әлеуметтік желі пайдаланушының жазбасына көзім түсіп, «Апам да таң, мен де таң!» болып отырмын!

«Ағайындар, мынау не деген ертегі?

Әлде бұл бір, “заманына қарай киімі, зердесіне қарай түйіні” демекші, қазақтың қазіргі мәдениетіне келген, қазіргі әдебиетімізге келген, қазақтың ертегісінен келген мен секілді “ескінің” адамы түсіне бермейтін жаңашыл бір стиль ма екен???» депті, ол айналайын өз жазбасында.

Енді фотосуреттегі деректерді қазғаз бетіне түсіріп анықтап көрелік:

1.     Кітаптың атауы «Жолың болсын» екен.

2.     Енді жолың болғыр автордың аты-жөнін жазалық: Жақсылық Кенжалиев деген қарағым екен.

3.     Жақсылық Кенжалиев 1955 жылы 24-і жұлдызында Қызылорда обл…т.т  ҚазМҰУ дың журфагын бітірген, ЖурО мүшесі екен. Балаларға арналған шағын әңгімелері Республикалық басылымдарда жарияланып келеді.

4.     «Жолың болсын» – жас жазушының тұңғыш жинағы. Жазушының балалар тақырыбына ден қоюы қуантарлық. Жас өркен жанына жақын әңгімелерінің оқиғасы қызықты, балаға тән әрекеттерімен оқырманын табатынына сенімдіміз.

5.     Енді осы кітаптан үзінді келтірейік: «ТРУСИ МЕН КӨЙЛЕК. Бір баланың трусиі көйлекке: – Сенсіз-ақ та күн көре аламын… Қасыма тұрып алып жанаса бердің ғой, тіпті – деп, етек жақтың кездейсоқ үстіне жабылып кеткеніне налып, тиісе беріпті.

Күндердің бір күндерінде әлгі бала ыстықта шәйініп алмақшы болып,көйлегін шешіп тастаса керек. Трусиге су шашырап, тіпті кейбір жері әбден дымқылданып қалады. Сөйтіп қайта жуынуға душар болыпты. Кейін көйлек те, труси де жуылып, үтіктеліп, әлгі баланың үстінде қайта кездесіпті.

… Қиын екен. Труси көйлекті кәдімгідей сағынып қапты.»


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here