Жұрт «Президент «Үкімет пен Парламент қазақша сөйлесін» деді» деп мәз болып жатыр, ал мен дал болып отырмын.

 

Біріншіден, бұл мәселе сөзбен емес, заңмен шешілуі керек. Егер Президенттің сөзі Жарлық ретінде шықса ғана, «шүкір» деуімізге болады. Сөз айтылады да, қалады…

Екіншіден, Қазақ елінің Үкіметі мен Парламенті Президент айтпаса, мемлекет тілде сөйлемейді екен деген тұжырым жасауға әбден болады екен. Бұл – осы екі органның, оны басқарып отырған адамдардың патриоттықтан, мемлекетшілдіктен жұрдай екендігінің дәлелі.

 

Үшіншіден, егер Президенттің айтқанын осы екі мемлекеттік орган жүзеге асырса (оған үлкен күмәнім бар, себебі «ілеспе аударма жасау мүмкіншілігі әлі жасалған жоқ» деген сылтау дайын тұр), бұл – қазақ қауымының өлгені. Демократиялық елде Халық Президентке айтқанын жасатады, ал бұл жерде, керісінше, Президент Халық өкілдеріне нұсқау беріп отыр. Демек келесі бір Президент «қытайша сөйлеңдер» десе, ертеңіне Үкімет пен Парламент қытайша сөйлеуге көшеді деген сөз! Біле білсек, бұл – аса қауіпті де қорқынышты қадам!

Өз басым, ешбір елде, ешбір жерде мемлекеттік тілі бар елдің Үкіметі мен Парламентіне мемлекеттік тілде сөйлеу керек деген үндеуді естімеппін.

Abai.kz


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here