***

Сіз білмейсіз ғой, ата, мендегі күйді…
Өмір де маған тиесілі бермеді сыйды.
Жаңбыр-жаныммен құшақтап көктем-гүлді де,
Келмеді сүйгім…

Қала тағы да басады əуенге кешкі.
“Қызықтың бəрі аспани əлемде” десті…
Мен сіздің ғана немереңізбін, бөгде жандарға,
Тəуелді емеспін!

Ата, білмеймін – ғұмырым қалай суреттелерін,
Қай жақын “менің арқама мін” деп келерін,
Қай жақын сіздей болмашы жарамды менің,
Үрлеп берерін…

Білмеймін, ата, еніп барамын тірлікке қалай,
Жақсылықтарды жанға көп жүрдік пе балай?
Алақаныңызды неге суытты, біздерді сонда
Мүлгіткен арай?

Армандар – қызық жанған соң, жоғалып жатқан…
Қаңтар қалайша адамға соғады қақпан?
Сіз дағы бізді бақылап жүресіз бе ылғи,
Жоғары жақтан…


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here