Дәстүрлі өнердің 67 майталмандары қол қойған ашық хатта Елбасының алдына екі мәселе қойылды. 1-шісі, дәстүрлі өнердің Республикалық телеарналардағы насихатына мемлекеттік қолдау көрсету; 2-шісі, фонограммаға заңмен шектеу қою туралы. Осы мәселелер оң шешімін таба ала ма, жоқ па? Бұл мәселелердің жауабын маусым айының соңына дейін білетін боламыз. Бұл ашық хаттағы мəселелер осыған дейін əлеуметтік желілерде көтеріліп, өздеріңіздің білдірген қолдауларыңызға сүйеніп жазылды. Қазақтың ұлттық өнеріне алаңдаушылық білдірген халық үні мен дәстүрлі өнер майталмандарының жан айқайына Елбасымыз ден қояр деген үміттеміз. Ғасырлардан бері халықпен бірге жасап келе жатқан ұлттық өнерді бүгінгі насихаттаушы кəсіби майталмандарына Қазақстан эфирлерінен ең болмағанда аптасына бір сағат уақыт бөлінсе деген ұсыныс қана біздікі! Ал, фонограмма – халықты алдаудың мəдени түрі. Оған тоқтау қоймаса, “қазаннан қақпақ кеткелі қашан?!”
Ашық хаттың көшірмелері ҚР Премьер-министріне, Сенат пен Мәжіліс депутаттарына, ҚР Мәдениет жəне спорт министрлігіне, ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі мен “Қазақстан” АҚ төрағасына жолданды.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here