Бүгінгі таңда кәсіби журналистің өмірлік маңызды қасиеттерінің бірі саяси оқиғалар мен фактілерге талдау жасай білу қабілеті болып табылады. Оның үстіне, журналист бізді қоршаған ортадағы кез келген құбылыстың саяси мәнін, тіпті бір қарағанда саясатқа еш қатысы жоқ болып көрінетін дүниелердің өзінен сол мәнді тани білуі керек. Сараптамашы журналист кез келген мемлекетте, соның ішінде Қазақстанда да ірі телерадио және газет журналдардың маңызды мүшесі болып табылады. Алайда біздің елімізде саяси сауатты адамдардың қатары аз, тіпті жоқтың қасы десекте болады.

Саяси талдау дегеніміз түрлі ғылыми әдістердің бір арнаға тоғысуын білдіреді, олардың көмегімен біз нақты бір саяси оқиға немесе жағдайларға зертеу жасаймыз. Сонымен қатар бұл түсінікке қоғамдық маңызды шешімдер үшін пайдалы сараптама қорытындысын жасау процессі де саяды. Бұл түсініктер саяси талдаудың ең негізгі бағытын көрсетеді: теориялық және қолданбалы. Журналистикаға қолданбалы талдау тән. Мұның айқын мысалы ретінде газет және журналда, телерадио бағдарламада көрсетіліп жүрген саяси бағыттағы саяси материалдардан көре аламыз. БАҚтағы саяси талдаудың субъектілері болып бірінші кезекте саяси сарапшылар шығады. Саяси сарапшылар дегеніміз кейбір саяси мәселелерге қатысты қажетті білімге ие және нақты міндеттерді шешу үшін оларды қолдана білу қабілеттіне ие тұлғаны атайды. Мұндай субъект ретінде тағы да билік құрылымындағы талдау жасайтын мекемелері, сондай-ақ түрлі ғылыми зерттеу немесе коммерциялық сараптау орталықтары да болуы мүмкін. Ал журналистер мен БАҚ өкілдері саяси талдауды өзбетінше жасайтын субъект ретінде қарастырылады.

Басқаша айтқанда саяси талдау дегенді: саяси салада болып жатқандарды түсіну үшін фактілерді бөлшектеу деуге болады. Алайда саясатта болып жатқандарды бақылаушының қалай қарайтындығына байланысты талдауда да өзіндік ерекшеліктер бар.

Журналист саяси шындықты ой елегінен өткізіп, болып жатқан саяси өзгерістерден бөлек, шамамен жасырын немесе болжалды түрдегі өзгерістерді де табуы керек. Осы тұста аталған өзгерістерді анықтау үшін ағымдағы оқиғаларды бақылап ғана қоймайтын, сондай ақ іздеп, бір бірімен байланыстырып және саяси алаңның көлеңке тұстарындағы жарықтан тауып бір картина жасай алатын саяси шолушының белсенді ұстанымы қажет болады. Материалдың сараптамалық құндылығы осында.

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here