Бұдан жиырма жыл бұрын енді ғана бой көтеруге талпынған жас қалаға инвестор табудың өзі оңай түспегенін Елбасы есіне алады. Бас қаланы салуға ол өзінің ұзақ жылдар бойы жинаған беделін пайдалануға мәжбүр болғанын да мойындайды. «Ақмола экономикалық еркін аймағын құру арқылы біраз қаржы жиналған көрінеді. Кеңес Одағынан қалған материалдық резервтерді де жұмсауға тура келді» – деген-ді ресми басылымға берген сұхбатында Назарбаев. Аталған резервтер металл құйындылары мен темір болатын. Олардың біршамасы Қазақстанның кәдесіне жаратылса, қалған бөлігі сатылды. Сатудан түскен 20 миллион доллар астана қорына түсті.

Сонымен Астананы кімдер салды?

Шетел инсвесторлары Қазақстанға он жылға процентсіз несие берді.Қаланың бүгіндері танымал ғимараттары компенсациясыз инвестиция мен гранттардың арқасында бой көтерді.

Назарбаевтың резиденциясы – Ақорда – Абу-Даби даму қорының 22 миллион долларлық  грантымен, «Нұр-Астана» мешіті – Катардың 15 миллион доллар болатын грант күшімен тұрғызылды. Сондай-ақ Түркия да қалыс қалған жоқ, солардың 33 миллион доллар қаржысына  «Астана-Тауэр» салынды.  Ауылшаруашылығы министрлігі ғимаратының қабырғасын Кувейт қаласа,  «Салтанат Сарайы» – Оман мемлекеті эмирінің тартуы болды. «Алатау» спорт кешені мұнай саласы инвесторлары грантымен дүниеге келді. Сауд арабиясы, Біріккен араб әмірліктері, Италия, Жапония сияқты мемлекеттер Қазақстанға несие ұсынды. Түскен қаржының бірталайы Назарбаевқа тартылған тарту еді.

Сонымен қатар жаңа астанаға қоныс аударған соң Назарбаев ақмолалық кәсіпкерлерден де көмек сұрағанын айтады. Қазақстан премьер-министрінің қазіргі бірінші орынбасары Асқар Мәмин меншігіндегі «Москва» қонақүйін мемлекетке қайтарды. «Сол сияқты өзге де іскер азаматтар коттедждерін зиялы қауым өкілдері мен шенеуніктерге беріп, баспаналы етті» дейді Назарбаев.

Sputniknews.kz


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here