Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа

Талдықорған қаласы

ЛА 155116 мекемесіндегі қамаудағы Сауытбай Сайрагүлден

Өтініш хат

Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы!

Мен , Сауытбай Сайрагүл 05.04. 2018жылы Қазақстан -Қытай шекарасынан заңсыз өттім. Бұл заңсыз əрекетімнің басты мақсаты – отбасыммен қауышу , бейбіт өмір кешу еді.

2016 жылдан бері екі балам мен жолдасым , Қазақстанның толыққанды азаматы болды. Ал мен Қытайда мемлекеттік қызметте болғандықтан Қазақстанға кетуге үзілді – кесілді тыйым салынды. Ондағы мəселе, менің мемлекеттік қызметкер ретінде маңызды жиналыстарға қатысып, Қытайдың ішкі саясатындағы дүниені Қазақстанға жария етеді деген қорқыныш. Дəл қазіргі уақытта қытайдағы қазағымның жағдайы өте ауыр, адам сенгісіз жағдайды бастан кешіріп жатқандығын Сізге Елбасы ретінде жеткізгім келеді. Бүгінгі таңда қытайда қазақ халқын түпкілікті жою саясаты жүргізілуде . Шіркін, осы қатыгез саясатқа тосқауыл бола алсақ қой!

Ұлты қазақ атаулының барлық жеке бас құжаттары заңсыз тəркіленіп, “саяси лагерь” атты лақап атанған, шын мəнінде түрмеге жабылып, ұшты-күйлі жоқ болуда. Құжатсыз адамды табу мүлдем мүмкін емес екендігі баршамызға аян!

Сол көпшіліктің ішінде, менің де құжаттарымды тартып алғандықтан, қалайда бала-шағама жетіп алуды жөн көрдім.

Атамекенімде бұл заңсыз əрекетім үшін жауапқа тартылуға дайынмын.

Құрметті Елбасы !

Сізден өтінерім маған ұл-қызым, жолдасыммен қосылып толыққанды отбасы болуға мүмкіндік беруіңізді сұраймын.

Маған Қазақстанның азаматтығын беруіңізді сұраймын, бұл- менің ең басты арманым, себебі, менің ұлтым қазақ!

Құрметпен, С.Сауытбай.

20.06. 2018жыл.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here