Жақында Астананың 20 жылдығы мен Алакөл ауданының 90 жылдығының құрметіне Алакөл ауданы,Көлбай орта мектебінде  ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындарымен ақын-жазушылардың кездесуі  ұйымдастырылды . Іс-шараны аталған білім ордасының басшысы Айман Әлсеитова ашып,құрметті қонақтардың келген қадамдарына құтты болсын айтты,сонымен қатар кездесудің жақсы өтуіне сәттілік тіледі.

Бұл кешке осы ауылдың түлегі ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Жангелді Немеребай мен ҚР Жазушылар Одағы мен Журналистер одағының мүшесі жазушы Дархан Бейсенбекұлы Алматыдан арнайы келіп қатысты.

Әдеби-сазды кеш барысында мектеп оқушылары жерлес ақын ағалары

Ж. Немеребаевтың өлеңдерін шабыттана шалқытса, бастауыштағы сынып жетекшісі Айымгүл апай кешегі оқушысының балалық сәттеріндегі қызықтарды айтып,өткен күндерден естелік айтты. Ал, жазушы Д.Бейсенбекұлының  да «Қылтұсау» романынан үзінді оқылып, шағын көріністер қойылды.  Шалғайда жатқан Көлбайда көптен болмаған керемет лирикалық кеш өтті десек те болады.

Сондай-ақ облыс орталығынан арнайы келген «Талдықорған әуендері» ФЭ ансамблінің жас әншісі Республикалық байқаулардың лауреаты Жандос Смағұлов Жан Серінің әндерін шырқап, ауыл тұрғындарының құлақ құрышын қандырды.Тағылымды рухани кездесудің  соңында туған жеріне сағынышпен келген қаламгер сөз алып, өз шығармаларын оқи келе алдағы күндері  өтетін еліміздің атаулы мерейлі тойларымен ауыл халқын құттықтап, осы мектете ұзақ жыл еңбек еткен ұстаздары ,сынып жетекшілері Айымгүл Абдырахманова мен  Нұршакен Кемелхановаға және  Қажмұқан Нұрқыдыровқа  Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Башбаев Айдар Карбозұлының  Алғыс хатын табыс етсе,

ұстаздардың беделін арттыруға үлкен үлес қосып келе жатқан, жас та болса бас болып жүрген Дархан Бейсенбекұлы Алдаңғор Дүзімбеков пен Айман Жақсыгелдіқызын «Алаш ұстазы» медалімен марапаттап, жақын күндері өткелі жатқан биылғы мектеп түлектерінің сынағы ҰБТ-дан жоғарғы балл алударына тілектестік білдірді.Марапат иелері өз қуаныштарын әріптестерімен бөлісіп, кешегі оқушыларының қызықты сәттерінен естеліктерін айтып, марқайған шат көңілмен тарасты.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here