Талдау (анализ) – көркем шығарманы тексергенде қолданылатын тәсіл. Шығарманы әр қырынан алып карастырып, оның қасиет ерекшелігін, жеке бөлек-бөлшектеріне тән өзгеше сипат белгілерді арнайы зерттеп, танып-білу. Айталық, шығарманы идеялық мазмұн, тақырыпты баяндау ерекшеліктері тұрғысынан, немесе, сюжеттік, композициялық құрылысы, жанрлық сипаты жағынан талдауға болады. Сондай-ақ, кейіпкерлердін характерін бейнелеу принциптері тұрғысынан, сөздік, тілдік кұралдарды пайдалануы, егер поэзиялық шығарма болса ырғактык интонациялык өзгешеліктері, әр түрлі шумақ, тармақ, ұйкастарды қолдану жағынан талдауға болады. Шығарманы осындай бірнеше қырынан тексергенде жеке ерекшеліктердің өзіндік сипат белгілерін де олардың бір-бірімен байланысында аңғаруға мүмкіндік бар. Әрине, шығарманы боршалап, бөлшектеп, талдап карастырғанда оның мағыналық көркемдік бірлік түтастығынан туатын әсері бір сәт әлсірейді. Оның есесіне шығарманың күрылыс-бітіміндегі әншейінде көзге түспейтін, байқала бермейтін сипат белгілері айкын танылады. Ал оларды көре білу, түсінудін шығарманы тұтас кабылдағандағы алатын әсерімізді толықтырып, байыта түсетіні сөзсіз. Олай болса Талдау дегеніміз – жеке қасиет ерекшеліктерді арнайы карастырып, танып білу арқылы бүтінді айқын сезінуге себін тигізетін, соған қызмет ететін тәсіл. Әдетте шығарманың ерекшеліктері, ірілі-ұсақты бөлшектері, олардың өз алдына оқшау тұрғандар сипат-белгілері көбірек көзге түседі, оларды байқау жеңілірек болады. Ал енді сол бөлшектердің шиеленісе байланысуынан, жалғастық үйлестігінен туатын шексіз мол жаңа сапалы өзгешеліктерді, үндестік, бірлестік белгілерін, жаңаша мағына әсерлерді каншама тебіреніп сезінсек те талдап көрсету, танып білу, айтып жеткізу қиынға соғады. Өйткені қандай да жеке айшык, бөлшектің өзіндік бастапкы тұрақты сипат белгісін байқау бір нәрсе де, ал олардың біте қайнасып бірігуі, өзара жанасып байланысуы негізінде пайда болатын туынды сипат белгілерді көріп білу екінші нәрсе. Ол үшін сансыз бөлшектердің бір-біріне сәуле беріп. әсер етіп, мағыналык, көркемдік сапасы құбылып, өзгеріп шығатын қалпын жақсы сезініп, ұтып түсіну керек. Әдеби шығарманы талдау үшін, көркемдік касиет-белгілерін нақтылы сипаттап беру үшін калай да онын өзгешелік-ерекшеліктерін түгелдей де, жекелеп те ашып қарау керек. Әдеби шығарманы кай тұрғыдан алып талдағанда да (айталык такырып. сюжеттік желі. композициялык құрылысы. тіл кестесі) онын жеке бөлім-бөлшектерін (компоненттерін, сипат ерекшеліктерін) айырып ажырату үшін жүйесін тауып, бір-бірімен қабыстырып жалғастырып бөлшекті бүтінмен ұштастыра қарастыру шарт. Әдеби шығарманың көркемдік, тілдік нақтылы ерекшеліктерін зерттегенде, ұсақ, көзге түсе бермейтін сипат белгілерге зер салғанда, сол аркылы көркем шығарманың бойындағы, құрылыс-бітіміндегі зор мәні бар қасиеттерін айқынырақ бағдарлауға ұмтыламыз, әлгі көркем туындыны немесе оның қомақты бөлшектерін түгелдей сипаттайтын өзгешеліктерді аңғаруға ұмтыламыз. Жеке белгі-сипаттарды ажыратып талдағанда, бөлшектердің коспа жігін еппен ашып жүйесін тауып, саралап, айшығы көп өрнектің арқау жібін үзіп, ыдыратып алмау керек. Шығарманы талдағанда оның көркемдік қуатынан толық әсер алатын өткір сезімталдық қандай қажет болса, шығарманың құрылысындағы мазмұн мен түрдің біріккен түтас бітім-тұлғасындағы қат-қабат байланыстарды, сипат белгілерді көре білу де сондай қажет. Сонда ғана Талдау қисынды, ұтымды болады және тексеріп отырған шығарма жүйесінің бір тұтастығын көріп-білуге, сезінуге, түсінуге яғни синтез жасауға толық мүмкіндік туады.

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here