«Күнкөріс минимумы дегеніміз – адамның өмір сүруін сақтау үшін қажетті өмірлік қажеттіліктердің минимум құны.» – деп анықтама берілген екен.
Жалпақ тілмен айтқанда мемлекет өз азаматының аштан өліп қалмауы үшін жасайтын жағдайы деп түсінелік.
Қазақстандағы күнкөріс минимумы – 28 850 теңге немесе $83. Отбасында төрт адамы бар орташа жанұя – Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ақпараты бойынша тамаққа 40 мың ($121,36) жұмсайтын көрінеді. (Күнкөріс минимумы бұдан ары КМ)
Беларусь: КМ- 197,81 рубль ($99). Тамаққа шығыны – 843 – 1096 рублей ($422 – $549). Транспорттық шығын – 120 – 160 рублей ($60 – $80).
Камбоджа: КМ – 1 370 900 риэль ($341,23); тамақ – 665 600 – 930300 риэлей ($165,67 – $231,56). Транспорт – 40 мың – 80 мың риэль ($9,96 – $19,91).
Әзірбайжан: КМ – 173 манат ($101,59), тамақ – 270 – 350 манат ($158,85 – $205,93). Транспорт – 20-27 манат ($11,77 – $15,89).
Аргентина: КМ – 11970 песо ($638,86). Тамақ – 4030 – 5380 песо ($215 -287,14), транспорт – 400 – 499 песо ($21,35 доллара – $26,69).
Бразилия: КМ – 2315 – 3510 реала ($721- 1094$). Екі адамнан тұратын отбасының тамақ шығыны төменгі айлығы $200 болғанда – 710 – 1010 реал ($221,35 – 314,88), транспорт – 280-305 реал ($87 – $95).
Австрия: КМ – 1940 евро ($2373), төрт адамнан тұратын отбасы тамағына – 500 – 600 евро ($611 – $733), транспорт – 87 -90 евро ($106 – $110).
Prodengi.kz