Бір кәсіпкер Оңтүстік Африкадан көлемі жұмыртқадай келетін алмаз сатып алыпты. Сатып алып кейіннен қараса, алмаз жарық, яғни кішкене жарылған екен. Мұны көріп көңілі түсіп кеткен кәсіпкер, не істерін білмей жақын маңдағы зергерге барып ақыл сұрайды. Алмазды көрген зергер:

 – Бұл алмазды жарылған жерінен бөліп, екі бриллиант жасасақ, оның әр қайсысының бағасы алмаздан да қымбат болады. Бірақ мұны екіге бөлу оңай шаруа емес, майдаланып кетсе құнын жоғалтады. Мен мұндай қиын шаруаны істей алмаймын. – дейді.

Еңсесі түскен кәсіпкер келесі зергерге барады. Барған зергерлерінің барлығы, дәл осындай уәж айтып, кәсіпкерге көмектесе алмайды. Сонда бір зергер кәсіпкерге, Амстердам қаласында ең мықты зергер бар екенін, алмазды соған апарып көрсетуге кеңес береді.

Кәсіпкер Амстердамға ұшып келіп, әлгі зергерді тауып, алмазды қолына беріп мән-жайды түсіндіреді. Алмазды қолына алып қарап отырып данышпан зергер, бірінші зергердің айтқанын қайталап айтады. Басқа амалы қалмаған кәсіпкер осы зергермен келісіп, алмазды екіге бөлуге шешім қабылдайды. Данышпан зергер келесі бөлмеден бір жас зергерді шақырып, қолына алмазды беріп, екіге бөліп беруін өтінеді. Жас зергер алмазды алады да, балғамен бір ұрып екіге бөліп, данышпан зергерге қайтарады. Мұны көріп таң қалған кәсіпкер зергерден:

  – Бұл бала сіздің қолыңызда неше жыл жұмыс жасады – деп сұрайды.

Зергер:       

  – Бүгін үшінші күн. Ол әлі жас, бұл алмаздың шын құнын білмейді, сондықтан да алмазды екіге бөлген кезде қолы қалт еткен жоқ. – деп жауап береді.

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here