Мен бұл кісінің көп қасиетіне қызығамын. Отыз жылдан бері солай. Алғаш сол кісідей жазғым келді. “Лениншіл жастағы” мақалаларын бозбала Арман жастана оқыған. Ұқсағым келген. Еліктегенмін. Кейін жақын таныса еңбекқорлығына қызықтым. Қай нәрсені жазса да терең зерттеп, түбіне дейін қазатыны қызықтырды. Ол кісінің қасында өзімді нағыз кержалқау сезіндім. Шау тарта бастаған шақта оның елгезектігіне, өзін-өзі күтуіне, жас жігіттей әлі жұлқынып жүргеніне қызықтым. Еліктегенім сонша ол барып жүрген моншаға да баратын болдым.

Марапатқұмарлардан аяқ алып жүре алмай қалған мына заманда мен оның атаққа, даңғазалыққа қызықпайтынына таң қалып жүрмін. Атақты ол іздемейді, атақ оны іздеп келіп жатады.

-Туған ауданым “Құрметті азамат” бермек болып шақырғалы біраз болды. Бармадым. Әлі ерте ғой,-деді бірде. Мен қырыққа, елуге толғанын міндетсініп, әкімге жағынып әлгі атақты алып жатқан замандастарымды есіме алдым. Ұялдым. Оның бұл қасиетіне қызықтым. Ертең Ол алпысқа толады. Әлгі пысықайлар болса бүгін бүкіл ел дүрлігіп жатар ма еді…Бұл кісі жақ тыныш. Тіпті өзі қызмет атқаратын арна да үнсіз. Ештеңе етпес. Елуге толғанда іргетасын құйып, қабырғасын қалаған арнамыз үнсіз қалғанда біз де өкпелеген жоқпыз. Ағамызға осы жеріміз сәл ұқсаған сияқты. Сол, Қайнекем бүгін жымиып қана алпыс жылдықтың құрметіне жайылатын шағын дастарханға шақырды. Қарапайым. Бұл да мен қызығатын қасиет!

Алпысыңыз құтты болсын, Қайнар Олжай аға!


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here