Майкл Джексонның әкесі, музыкалық менеджер Джозеф Джексон Лос-Анджелесте өмірден озды. Джексон 89 жаста еді. Масуым айында оны қатерлі ісіктің терминалды стадиясында аурухана жатқызған болатын-ды. Ол балалары мен немерелері және әйелінің қасында көз жұмды. 2014 жылы Джозеф Джексонды ритм-н-блюз мадақ Залы құрамына енгізген-ді.

Жастай шетінеп кеткен балаларын санамағанда, оның 10 баласының барлығы кәсіби музыканттар болып қалыптасты.

1960 жылдардың басында Джо Джексон өзінің балаларынан құралған Jackson 5 музыкалық топтың менеджерлік қызметін қолға алды. Репетиция кезінде және сахнаға шығар алдында әкесінің бұларға ұрсып, тіпті таяқтаған кездері де болғанын Майкл Джексон еске алып отыратын-ды. Сонымен қатар ол, әкесінің қатал тәртібі мен тәрбиесі – өзінің өсу жолына көп әсер еткенін де мойындаған.  

Tengrinews.kz  


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here