Қоңыр мұңын құшақтап жапырақтың,
Тауға бардым,  тұр мені бақылап күн.
Шабыт келмей,  жүрегім дүрс-дүрс  соғып,
Күнін кештім сол бір сәт ақымақтың.
   Жанарыма жамап ап сиқын күздің,
Аңғал желдің адуын,  кейпін бұздым.
Суы-бал, тасы -мамық Баянауылды,
тамашалап отырған сүйкімсізбін.
    Таулы түзде жол тартқан еліктерін, 
байқамаппын табиғат көріктерін.
Бейне бір сылаңдаған  қыз  секілді,
Баянауыл гүл,  көктемін көріп пе едім?
  Өзендері өзді-өзімен алмасқан,
Жартастары қыраттармен жалғасқан,
Баянауыл деп жыр, дастан жазам бүгін
Шабытымды  қайта жоғалтып алмастан.
  Аңсап жүргем ғажабын тосын  жайдың,
Тағдыр  маған өз сыйын ұсынбайтын.
Шабыт, сезім, жауқазын  жыр томдарым,
Табиғаттан күтпеп ем осындай  күн.

  
  


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here