2018 жылдың 12 наурыз күні Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер жылдың академиясында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Қазақ тарихына жаңа көзқарас атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстанның майталман тарихшы ғалымдары мен өнер қайраткерлері  жиналды.  Негізгі мазмұны Қазақ тарихының ақтаңдақтар бетінен бастау алған тақарап, бүгінгі күні Қазақ тарихының өекті мәселелеріне де шолу жасады.

  Қазақ тарихшыларының «Рухани жаңғыру» бағдарламасынығ шеңберінде алдында тұрған мәселелерін қарастыру, олардың жаңа миссиясы, заманауи Қазақтан тарихына шолу жасау, әрқашан да өз өзектілігін жоғалтпайды деп атап өтті қатысушылар. Әрине тарихты бұрмалау ол үлкен күнә, дегенмен заман талабына сай тарихқа қайта көз жүгірту тарихты саралау ешқашан өз өзектілігін жоғалтпайды.

Қазақ Елінің тарихи жады ең маңызды ұлттық қазына. Осы қазынаны сақтап, жас ұрпаққа жеткізу бүгінгі ұрпақ үшін ең маңызды мәселе. Тарихи жадсыз ұлт болмайды. Ал Қазақ елі тарихының ең қиын мәселелрінің бірі осы тарихи деректердің көбісін шетел қайнар көзінен саралауында жатыр. Ол кездегі жазбалардың көбісі саяси жағдайдың ықпалымен өрбіп дамығандығы айқын. Сондықтан бұл дереккөздерді де абайлап зерделеп, салмақты сараптау керек. Дөнгелек үстел өте пікірталасты, қызықты өтті.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here