Кедей мен байдың заманы,

Толғантты қара баланы.

Білімге құштар жүректің,

Биіктей түсті талабы.

“Адамдық” – деді ол бйігім,

Надандық болды күйігі.

Білімге құштар көзінің

Тастады өрге қиығын.

Асқақтай берді армандар

Болашақ қазақ қамымен.

Алаулап атқан таңдарда

Ынтызар ақын жанымен;

Өзіне-өзі серт берді,

От жүрек іштей өртенді.

“Қаймана қазақ сен үшін

Айтарым менің көп”! – деді

Күн болып туып көгіңе,

Ұмтылам аспан төріне.

Надандық сені жоямын,

Білімді нұсқап бәріңе!

Ұйқыдан тұрған жұртымның,

Бақытты шағын көремін.

Кей салақ ғадет-ғұрпыңды,

Қойдырсам ба, деп келемін!

Іздеді дереу жас ақын,

Білімсіздіктің себебін

Сынады талай сұмдықты,

Дегендей бұған көн елім!

Ақиқат іздеп өр көңіл,

Амал жоқ, адам пенде құр.

Тәніне бір дерт жабысты,

Бермеспін дердей жол жеңіл.

Мақсаты мығым жас ақын,

Тастауға белгі жерге бір.

Найзағай болып жарқ етті,

Түссін деп менен көлге нұр.

Өзгерді міне заманда,

Ойлантқан қара баланы.

Байқасаң сонау аралға,

Бір кеме жүзіп барады.

Кеменің іші толған -нұр

Толған нұр, ақын жазған жыр.

Соңында тулап толқындар,

Аңқиды исі арманның…

 

Баянауыл

Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғырың

Өзіңде талай қызық, талай мұңым!

Асқар тау, тас бетінде түркі сыры,

Өткеннің айшық еткен талай күнін.

 

Сұр төбе, жақпарлы тас, тал мен қайың,

Жаныма сенен шабыт алғандайын!

Көк пен көл ымдасады, ерке самал

Аймалап құшағына алған дәйім.

 

Қойнауы аңыз толған  – Баянауыл

Көбінің қолы жетпес армандайын!

Батырлар кезіп өткен анау белдер

Солардың көздері боп қалғандайын.

 

Еліктері сайында сылаңдаған,

Талай ақын өзіңе жыр арнаған

Қазақтың мейірімін сездім сенен

Айналып бір толғанып тұра алмаған!

 

Баянауыл  – естелік жадымдағы,

Сенде жатыр өткеннің абыздары!

Шыр айналып өтсем де бұл ғаламды

Сендей мекен мен үшін табылмады!..

 

Сұрамашы хәлімді…

Сұрамашы халімді ұяламын,

Аңсап жүрмін қол жетпес қиядағын!.

Адасып, өзімді – өзім мүжгілеймін,

Сондықтан мен ұстаған сияда – мұң!

Жағдайымды сұрамашы, қысыламын

Көңілімнің сақтаулы тұсына мұң!.

Сеніміңді ақтамай, қуаныштың,

Орнына алып, қайғымды ұсынамын!.

Сен сонда жасық дерсің кіналап бір,

Онсызда көп адамдар кіналап жүр!.

Күресу келмейді екен үлес үшін,

Төзімім тұралап тұр, шыдалап жүр!.

Мүсіркеп қарамашы жек көремін,

Жамандықты жасасаң кектемедім!.

Қуантам деп балаша алдап кетер,

Жалғанның өтірігіне өкпеледім!.

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here