К **

Имеспін сенің алдыңда,,

Біліп қой қара басымды.

Бүгіннен бастап бөтенсің,

Амалың, айлаң , жасың да!

Адасу үшін,білсең ше

Еркіндік қойман құлыптап.

Әзәзіл күлкің, көздерің

Жылдарды талай ұмытқам.

Өзіңнен онсыз көп көрдім,

Үмітін жастық шағының.

Әлемді сонша жек көрдім,

Өзіңді сүйіп қағындым.

Кім біледі сол бір кезеңдер,

Таптаған сенің аяғың.

Қалқып ап сезім өзеннен,.

Сен оны немен боядың?!

Аспанның берген тылсымын,

Жаратар ма едім пайдама,

Бағындыра алсам оның бір шыңын

Барар ем ұшып айға да

Неліктен тәтті серт еттің,

Сол шыңдай болып тұруға!?

Неліктен сонша өзгердің,

Басқа едің қалқам бұрында!?

Намысшыл едім, Ғапу ет!

Басқаны сүй де, арманда!

Бұйырмай тұрған қасірет,

Қыймаймын оны жалғанға.

Жылы жақ, бөтен тауларды,

Сағалап кетем, жыраққа.

Таныс ек біздер тым жақын,

Ұмыта алмаспын бірақ та…

Кім білед  рахат күй кешем,

Серт етем бөтен кескінге.

Күлемін, құмар қанғанша,

Жыламаймын ешкіммен.

Алдауды бастайым аяусыз,

Ешкімге ғашық болмасқа.

Сыйлаушы ем әйел заттарын,

Періштем менің, бір басқа.

Қарысып тұрып әлемге,

Дайын ем ажал, қайғыңа.

Сондағы ойың ақымақ,

Қолыңнан қысу жайлы ма?!

Сен сатып кеттің білмедім,

Жанымды саған арнадым.

Қадірі оның жоқ еді,

Байыбыңа соның бармадым!.

*****

Үміт.

Жұмақтың құсы бар менде,

Орнаған жастық іргемде.

Күніге қонып тұрғанмен,

Арнамас әнін күндізге.

Меруерт төгіп сыртынан,

Басында тәжі, қанаты

Алтыннан шашып буырқанған,

Арайлы таңдай болатын.

Қараңғы түнге оранып,

Ұйықтаған сәтте қара жер.

Ағашқа қонады сыланып,

Жаныма әнін төгеді ол.

Елітіп тәтті әуенге,

Ауыр бір жүктен арыла.

Нәзік те тәтті күй кештім,

Жан жүрегіммен сағына.

Құйындап жеткен сол үнді,,

Сүйе бір тыңдап асыққан.

Үміт деп атап келемін,

Арнамнан мені тасытқан.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here