27 маусым күні таңертең жаңалықтар тізбегінде Есенин туралы жазбалар мен өлеңдерін көзім шалды. Бірақ, оны оқуға ешқандай құштарым болмады. Сол күні мен ол өлеңдердің осы уақытқа дейін еш әсері болмағанын түсіндім. Кабактарда крестяндардың тағдырына алаңдау, ауыл деген әр кімге бір арман деген не әңгіме ол? Иә, есімде мен де бір кісідей фанат болғам, өлеңдерін жаттағам, бірақ, ол белгілі бір адам өмірінің кезеңінде ғана болатын құбылыс екенін сеніммен айта аламын.

«Сөзді қойдай өргізіп» жазалмайтын болғасын бұл ешқандай мақала емес. Сайтқа, газетке бергің келеді ғой енді, адам болғасын (бұның блогқа қатысы барына да күмәндімін). Егер сен қазақ жазу өнерінің бір жерінде болғың келсе ең алғашқы критерий көркемдік болып табылады. Сенің жаңалық ашатын идеяң ешкімге керек емес. Бұл ең үлкен мәселе. Кез-келген сын мақаласын ашып қара: автордың сезімі, парасаты, уайымы, көтерген тақырыбынан бұрын көркемдік мәселесі бірінші қозғалады. Ал енді, мақалалар мен кейінгі жылдары жазылған шығармаларды қарайық. Қандай керемет, бір деммен оқылады, жалықтырмайды тіпті жүрегің тулап, әсерленіп бірдеңе жазғың келеді. Бірақ, бір сағаттан кейін амнезия болған адамдай бағана не болды деген ойға қаласың! Не оқыдым, не үшін деген сұрақ қой өзіңе? Көп жағдайда сен оқыған мәтіннің мазмұны мынандай: Көз жетпес, шексіз шалғынның ортасында алаңсыз өскен бала еді, бүгін қаланың тіршілігі тынысын тарылтты. Көкірегіне құйылған белгісіз күй далаға деген сағынышын шерткендей, кенет құлағына малдың маңырағаны мен иттің үргені келді… Ну, бұл нағыз трагедия, мен саған айтайын!

Неге ми деген нәрсені қолданып, аяқ-қолды қимылдатпасқа? Мал жайылып жүр, қазанға ет салулы, кешке қарынды тойдырып ап, қатынның қойнына кіру. Сол күнді повторға қоясың да, ми деген нәрсені өшіресің. Алаңсыз, еркін өмір деп пздц болмаңдарш, ертең жұт болса көреміз еркіндіктеріңді. Жалпы ауыл туралы айта берсем, жамандай берем. Тем более бұл көп адамның жүрегіне тиіп кетуі мүмкін. Ренжімеңдер!

Сын қашан өзгереді – деп, жазуға қорқып, күтіп жүрген адамдар бар. Біздің кафедраларда қиқар шалдар үйрететін сынды жоққа шығармаймын, тек, олардың айтқаны пайғамбардың сөзі деген қате түсінік. Проза, поэзия, драматургия да өзгеріп келе жатыр, демек айтатын сының да заманға сай болсын. Былайша айтқанда сынды баға беру деп қана қабылдамау керек. Сонда жазылған образдар, символдар, сөйлем құрылымы т.б (б*әт осының бәрін мен айтуым керек па? Ізденіңдер!) нәрселерді ашып, астарына жете алмасаң сын сен айналысатын нәрсе ма деген сұраққа бас қатыруың керек!

Негізі жазып отқанымды кеше аяқтағым келген, ішінен кілттенетін жазу кабинетің жоқ болса осы, ананы істе, мынаны істе деумен өндіріп жаза алмайсың. Лимон қосылған бір бокал шәйді сораптап отырып, ұйқымды ұрлап жүрген келесі мәселеге көшейін…

«Ничего нельзя исправить. Иначе все мы были бы святыми. Жизнь не имела в виду сделать нас совершенными. Тому, кто совершенен, место в музее»

Ремарк

«Мінсіз шығарма жазам деген адам жазуын тастасын» – деген тағы бір сөз бар. Негізі осы екі мысалдың өзі жеткілікті еді. Бірақ, аса ақылды адамдар үшін кішкене түсіндіру керек.

Жаңағы көркемдігі бетіне шығып, майы ағып тұрған шығарамны оқып түннің бір уағында жүрегің аттай тулап, ұйықтай алмай ақыры бірдеңе жазуға отырдың. Кейіпкер қызға махаббатың ашылып, жағымсыз кейіпкерге деген аушың тасып, парақты столға атып ұрып, бір сағаттың айналасында жынды өлең (немесе әңгіме) жазып шықтың. Жақсы. Бірақ қитұрқы әрекеттерге барудың қажеті жоқ! Оны фэйсбукқа, сайттарға сол күні салып жіберген соң, келесі күні жазғаның қоқыс болып қалғанын қанша рет бастан кештің? Басыңа тимеді ме? Бір аптада кітап жазып, 1 айдан кейін тұсаукесерін жасайтын адамдарды вообще далбаеп деп есептеймін. Жылда кітап шығаратындар туралы үндемейін. Мінсіздік пен жақсы (тәуір) деген түсініктің ортасында тоқтайық. Сенің эмоцияңмен жазылған дүниеңді елдер ақылға салып оқиды. Ой, сол кездегі логикалық қателер мен түкке тұрғысыз тіркестеріңе дауыс шығарып күлгендерін сен естімейсің ғой. Сен «жақсы екен» – деген екі ауыз сөзге ғана мәз болып отырасың. Мен ондай сөзді жиі айтамын. Себебі тықпалап оқытып, жалынып пікір сұрайтын өздері ғой. Ренжіткің келмейді. Амал который?

Сен білмейтін болуың керек. Жазып болған соң редактура деген екінші қадам бар. Редактураның өзі көп болса үш этаптан тұруы керек (орфографиялық қателерді тексеру емес ол б*әт). Бастан аяқ оқы. Өзіңді аяма. Артық, көзіңе оғаш көрініп тұрған сөздердің бәрін құрт. Шимақта, жырт, қайта жазып шық. Әйтеуір екінші нұсқаға көшіргенде мәтініңнің әр бөлігі қаланған кірпіш сияқты жинақы болсын. Ескерту! Редактура екен деп сразу үш рет оқып, болдым деп жүрме. Алғашқы нұсқа (черновой яғни шимай) жазылған соң редактура 1 айдан кейін жасалады (шыдай алмайсың иә? Атақтың бәрі көз алдыңда ұшып баратыр ма?). Жарайды ең болмаса 3 апта шыда. Екінші редакцияны жарайды екі аптадан кейін жаса (толық редактура, анау-мынау туралы менің алғашқы блоғымда). Әйтеуір сайттар мен әлемжеліде мусор азайса деген ниет қой менікі. Ничего лишнего!

Темекі шегіп келдім…

«Олай емес» – деп ақталма, мен білем, сенің типа рухани ұстазың саған анау мықты ақын, нағыз гений деп айтқан, енді сол ойды сен де ұстанасың. Сенің сүйікті авторларың, кітаптарың сол ағаңдікімен бірдей. Кешір, бірақ сенің өз мнениең жоқ. Мойында. Ешкім емес екеніңді мойында. Саған «Жүз жылдық жалғыздық» ұнамады, себебі оны оқитын ой жоқ сенде. Сенің өз ойың жоқ болғасын сен ағаң айтқан кітаптарды ғана оқи аласың. Инкубатор-ұстаздар көп бізде. Ол ниче! Целый қаланы сөйтіп ұстап отырған ұстаздар бар. Әдебиетті дінге айналдырып алған ғой тура мағынасында. Жоқ, аға мен де бар, бәрінде бар! Мәселе қандай ағада…

Жаңағы мәселелердің барлығы осыдан басталады. Алдымен өзіңді қолға ал, жазылатын дүние жазылады. Сәттілік!


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here