Жуырда Алматының бір көшесінде екі домбырашы, екі боксерді сабап тастапты. Бұл Қазақстан спортының құлдырауы ма? Әлде отандық мәдениеттің өркендеуі ме?

* * *

Инабатты кісі көршісіне:

–         Ханым, кеше сіздің ән салғаныңызды естідім. – дейді. Ханым мынадай

назардан екі беті алаулап:

–         О не дегеніңіз! Әншейін, уақыт өлтіргенім ғой… – деп қылымсыса,

инабатты кісі:

–         Ханым, сіз өте жойқын қаруды таңдапсыз! – деп бас шайқаған көрінеді.

* * *

Есіктің қоңырау шылдырайды. Үй иесі әйел барып ашса, есік алдында еркек тұрады.

–         Сәлеметсіз бе! Мен Құлақ күйін келтірушімін. Сіздің пианиноңызды

тексеруге келдім.

–         Бұ қай сасқаныңыз! Менің пианиномның күйі дұрыс. Мен ешкімді

шақырған жоқпын…

–         Сіз шақырмасаңыз, есесіне көршілеріңіз шақырды.

* * *

Музейде бір топ турист аяқ-қолы, басы жоқ статуяны тамашалап тұрады-мыс. Оның төмен жағындағы «Жеңімпаз» деген жазуға көзі түскен біреуі: – Жеңімпазы мынадай болса, жеңілгені қандай екен?! – деген екен дейді…  

* * *

Сыншы режиссерға: – Кеше сіздің спекталіңіздің премьерасына барып едім, түнімен ұйықтай алмадым…

–         Қатты толғандырғанның әсерінен шығар?!

–         Жоға. Театрде ұйқым қанып қалыпты.

* * *

Режиссер драматургке: – Сіздің пьесаңызды қоя алмайтын сияқтымын. Неге десеңіз, мен театрде боғауыз сөзді естігім келмейді.

–   Ойбай-ау, мәтінде бір ауыз да боқтық жоқ қой…

–   Иә мәтінде жоғы рас. Есесіне көрермендер боқтанып, залды басына

көтереді ғой.

 

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here