Жуырда Алматының бір көшесінде екі домбырашы, екі боксерді сабап тастапты. Бұл Қазақстан спортының құлдырауы ма? Әлде отандық мәдениеттің өркендеуі ме?
* * *
Инабатты кісі көршісіне:
– Ханым, кеше сіздің ән салғаныңызды естідім. – дейді. Ханым мынадай
назардан екі беті алаулап:
– О не дегеніңіз! Әншейін, уақыт өлтіргенім ғой… – деп қылымсыса,
инабатты кісі:
– Ханым, сіз өте жойқын қаруды таңдапсыз! – деп бас шайқаған көрінеді.
* * *
Есіктің қоңырау шылдырайды. Үй иесі әйел барып ашса, есік алдында еркек тұрады.
– Сәлеметсіз бе! Мен Құлақ күйін келтірушімін. Сіздің пианиноңызды
тексеруге келдім.
– Бұ қай сасқаныңыз! Менің пианиномның күйі дұрыс. Мен ешкімді
шақырған жоқпын…
– Сіз шақырмасаңыз, есесіне көршілеріңіз шақырды.
* * *
Музейде бір топ турист аяқ-қолы, басы жоқ статуяны тамашалап тұрады-мыс. Оның төмен жағындағы «Жеңімпаз» деген жазуға көзі түскен біреуі: – Жеңімпазы мынадай болса, жеңілгені қандай екен?! – деген екен дейді…
* * *
Сыншы режиссерға: – Кеше сіздің спекталіңіздің премьерасына барып едім, түнімен ұйықтай алмадым…
– Қатты толғандырғанның әсерінен шығар?!
– Жоға. Театрде ұйқым қанып қалыпты.
* * *
Режиссер драматургке: – Сіздің пьесаңызды қоя алмайтын сияқтымын. Неге десеңіз, мен театрде боғауыз сөзді естігім келмейді.
– Ойбай-ау, мәтінде бір ауыз да боқтық жоқ қой…
– Иә мәтінде жоғы рас. Есесіне көрермендер боқтанып, залды басына
көтереді ғой.