Жалғанды таусылмайтын жұмақ көрме,

Алданар ақымақтың түріне еніп.

Бейнет шексең тұра кел, құлап көр де,

Дей көрме, бірақ өмір – дәті берік.

Көктемнің құбылысындай күліп – жылап,

Сел, толқындай жағаға келген шулап.

Бәрі де өтер, ащысын, тәтіссін көр,

Бай боларсың, өтеді ол да бірақ…

Жан Мореас.

Жағаны кезіп тылсым күш,

Сарғайған дала мүлгіді.

Құйқылжып салған әнші құс,

Ұмытқан әнін бұл күні…

Күтпеген жерден күй тынып,

Тағдырдың күйі ойнады.

Сүйгенін қимай ол жігіт,

Көп тұрды, бірақ, болмады…

Пешене болса жазғаны,

Тағдырды қайссы жазғырар!?

Дәуренің өтсе сұрықсыз

Сүйкімсіз әнін салдырар.

Дайын бол деді, ей сорлы,

Табалмай жатсаң дәл жолды,

Тығылма күздің ығына!.

Эрева жақтан ең соңғы,

Жапырақ түсер мүмкінде,

Минутың тоқтап бір күнде…

Күн нұры тайып көзіңнен,

Қаратпай түбі  кетер де.

Жастықтың ғазиз түндері,

Басылған будай бекер ме  ед!…

Шарль Милвуа

 

Кездестік сол күн екеуміз,

Ерекше түн бе ед толқыдым.

Меншігім өзің сияқты,

Нұр ойнап жүзің, шалқыдың!…

Күйім де кешкен ерекше ед

Жымисыңды ұнатып…

Сүйе де ,сүй бергім кеп

Құмартып барам, құмартып…

Ф. Блок

 

Ө леңімді оқыдың…

Жанарың жайнап тұрғанды,

Абдырап бетер қысылдым.

Санамды бір күй сапырды,

Ақ құсымды ұшырдым…

Тұтпасаң перде, сөз қызық,

Құдайым ау қалай түсіндің?!

Ертегі кітап ішінде,

Проза өмір үшін бұл.!

Сен болсаң болды мен үшін,

Түнің не, көлің, көлеңкең.

Сейіліп тұман жалынға

Бөленсем болды, бөленсем…

Перделі пенде сияқты,

Қатігез болма, сол керек!.

Қарайса ойым өзгерем,

Найзағай оттай мен дереу.

А. Блок.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here