Алақан жайып Алладан тілек тілеуші адамның әруақытта өз себебі болар. Әсте, адам тек өзінде жоқты ғана тілер. Адамға соншалықты көп нәрсе керек пе, өзі? «Денсаулық, он саулық және ақ жаулық» деген ата байлығы енді азшылық ете ме, қазір? Әрине, әркімнің өз ойы мен бойына шақ өз қалауы да болар, сірә…

Тілеу мен тілемсектіктің ара-жігін ажырата аламыз ба деген сұрақ та туындар. Мүмкін біздің басымызда бір пендеге жетерлік рахаттың ертеден тұнып тұрмасына кім кепіл? Мүмкін соны өзіміздің тойымсыз, тоғышар әрекетімізден байқап, бағалай алмай жүрген де шығармыз. Осыдан барып: үсті-үстіне төпелей үйіп, берекесін көре алмайтын артық тілектерді тілгенше – сол барымызды сақтай гөр, қанағатымнан қайыр көрсет деп неге жалбарынбасқа?!

Алладан тілеу тілеп, алақан жайғанда – сол алақанымызға осы жарықтың шуақты нұрын ұялатып, жан кемтарлығынан сақтай гөр десек, дүниелік бұғаттан ада болып, мейірім мен береке сәулесіне бөленеріміз хақ деп ойлаймын, ағайын. 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here