Жалпы көпшілік арасында, соның ішінде жауапкершілігі аздау яғни жалтаң мен жалқауларға тән бір психология қалыптасқан. Не нәрсе болса да Алланың қалауымен дегендей…

Жақсылық немесе қиянатты сен жасайсың да одан біреу ұтып, екіншісі жапа шексе, бұл – Алланың қалауы дейсің ұялмастан, көзің бақырайып…

Алла өзіне керек міндеттер мен мүмкіндіктерді шектеп, сені де өз жүріс-тұрысыңды реттей алатын әлеуетке ие еткен.

Пенде мен Адам арасындағы бір айырмашылық – біріншісінің жауапкершіліктен қашуы болса, екіншісінің анау үшін сол жүкті арқалауы.

Сондықтан Жер Соты мен Аспан Сотының әділдігі де әр басқа…


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here