Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Мағжан Жұмабаев жайлы электронды кітап жарық көрді.

Цифрлық оқулық әзірге 5 данамен шығып отыр. Ал алдағы уақытта диск саны көбейіп, электронды кітап кітапхана сайтына да орналастырылады. Бүгін оқулықтың тұсаукесеріне аймақта жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов қатысты. Депутат сондай-ақ кітапхана қызметкерлерінің цифрландыру бағытында атқарып жатқан істерімен танысып, оқырмандармен кездесті.

Айта кетейік, мұнда жақында мобильді кітапхана мен коворкинг орталық іске қосылды. Ал 28 мыңнан астам оқырманның 1 мыңға жуығы сайтқа тіркелген. Яғни олар кез келген кітапты үйінде отырып-ақ онлайн оқи алады.

Галина Савенкова, М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана директорының орынбасары:

 – Біз бұл дискті Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай шығарып отырмыз. Электронды оқулықта ақынның шығармалары мен оның өмірі жайлы барлық деректер бар. Біз олардың біразын ұрпақтарынан жинап алдық. Оқырманға қызықты болады деп ойлаймын. 

Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 – Кітапханада көрген жаңалықтарым мені расында да таң қалдырып отыр. Өйткені кітапхана қорындағы кітаптардың бәрі электронды форматқа өткен екен. Бірақ менің бір айтатын ұсынысым, осы кітапханалардың Астанадағы Тұңғыш Президент кітапханасындағы істеліп жатқан істерге, сондағы қорға қосылатындай электронды жағдай жасаса, Ақмола облысының оқушыларына, осындағы азаматтарға өте үлкен көмек болар еді деп ойлаймын.

www.24.kz

 

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here