Ауқымды шараға 21 елдің өкілі қатысып, 200-ден астам туынды қабылданған. Қазақтың атақты әртісі, режиссері Шәкен Аймановтың туған жеріне Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Беларус, сонымен қатар еуропалық кинорежиссерлер ат басын тіреді. Қысқа метрлі, деректі және ойын киноларына арналған фестивальдің тізіміне 68 шығарма іріктеліп, қазылар алқасының назарына ұсынылды. Конкурстық және конкурстық емес шығармалар кинотеатрларда үш күн бойы тегін көрсетілетін болады. Байқауда бағы жанған жеңіске жеткендерге алюминийден жасалған мүсіншелер табысталады. Қанатты металл Ертіс өңірінде балқытылып, жергілікті мүсіншілердің қиялынан туғандықтан ерекше тарту болмақ. Фестивальдің қорытындысы сенбі күні жарияланады.

Людмила Баюшева, кинотанушы, фестиваль ұйымдастырушысы:

  – Фестивальдің алғашқы күні көрермен назарына 31 документалды кино көрсетіледі. Олардың қатарында қазылардың назарына іліккен 19 туынды бар. Келесі күндері ойын фильмдерінің сеанстары ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта өзіміз үшін киносаласындағы жаңа есімдерді аштық. Үздіктері жеңіске жетеді.

www.24.kz


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here