Сөзден сөз тарқатылып, ойдан ой туындайды. Бір мәселенің басын қаузасаңыз арғы жағынан тағы да бірнеңе қылтияды. Талай рет жаздық. Ой қозғадық. Бүгінгі қазақ ақылды, ойлы, алғыр, тіпті барынша парасатты болуы керек дедік. Дұрыс-ақ! Бүгінгі қазақ бір-бірін жақсы көріп, бір-бірін қадірлеп, біріне-бірі қол ұшын беруі керек дедік. Әбден дұрыс! Алайда… бүгінгі қазақ барынша таза, талғамшыл, текті, тәкаппар тұлғалы болуы керектігін (жылпос және жағымпаздықтан жарысқа түсуден құдайым аулақ қылғай) айта алдық па? Айтсақ та жеріне жеткізе түсіндірдік пе жас ұрпаққа? Күдігіміз басымдау! Ойлы болып жүруге болады, бірақ өзіңді сыйлата алмасаң несі жеңіс! Алғыр болып жүруге болады, бірақ шығар биігің тым аласа болса, несі қызық? Осындайда еріксіз ой тұңғиығына батып кетесің де, түйткілдің шешімін іздейсің. Шешімі қандай? Шамасы, бүгінгі қазақ тек қана ақылым бір басыма жетеді ғой деп шектеліп қалмағаны жөн, одан да асырып айтсақ – әр қазақ Ақыл Аристократы да бола білсе дейсің! Ал, Аристократ… ол бәрі ғой. Оны несіне әріптеп түсіндіріп, ежіктеп сөз сауып отырайын…

Фейсбук парақшасынан алынды.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here