Кішкентай қонақ үйге бір саудагер келеді. Үлкен дорбасын жерге қойып, кешкі тамаққа тапсырыс береді. Саудагердің тауарлары көп болмайды, бірақ қонақ үй иесінің әйелі дорбаға қатты қызығады. Тамақ әзірлеп жүріп, дорба туралы ойлайды. Кешкісін ол күйеуіне:

– Саудагердің дорбасын алып қалайық, – дейді.

– Алып қалайық. Тамаққа мега шөбін сал. Сол кезде ол бәрін ұмытады. Дорба бізде қалады.

Әйел тамаққа мега шөбін салады. Саудагер тамақты жеп, алғысын айтып, ұйықтауға жатады. Таңертең әйел саудагердің бөлмесіне жүгіріп барады. Барса, дорба да жоқ, саудагер де жоқ. Әйел күйеуіне ұрсады.

– Ессіз, шөп туралы маған не айттың? Ал саудагер ештеңе ұмытпады.

– Онда басқа бір нәрсені ұмытты, – деді күйеуі.

– Ештеңе ұмытпады.

– Мүмкін емес. Есіңе түсір.

Әйел біраз ойланды, сосын:

– Ұмытты, ұмытты, – деді.

– Көрдің бе, мен айттым ғой. Нені ұмытты?

– Ақша төлеуді ұмытты, – деп айқайлады әйелі.

 

 

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here