Этюдтар-I
*
Жыңғылдар да гүлдепті-ау…
Күреңденіп,
Қызғыш гүлдер үлпілдеп,
Бір өң беріп.
Сұлулыққа үнсіздік үңіледі,
Көгенденіп!
Тұрысын-ай,
Жыңғылдың тербетіліп,
Жарасады өзінше ерке қылық.
Тойға киген көйлектің етегіндей,
Жалт қаратқан… сәл ғана…
Жел көтеріп.
Қандай жақсы биікте тербетілген,
Жерде тұрып?!
*
Күн жеткенде,
Зіл зарымен,
Шерлі еткенде…
Сен қалып ең,
Мен кеткенде.
Мына дүние қайтер екен?!
«Тең-теңіне,
Ел жеткенде»,
…бәрі күлген.
Шексіздік сол,
Бір күннен соң,
Мың күн егес…
Сағыныш не қайыр берген,
Шын айтпаған, сары гүлден–
Күлкілі емес?!
Қара да тұр,
Жалғыз үннің қиялында,
Сен жоқ жерде-
… бәрі де жоқ,
Біреу кетіп бара жатыр,
Мүмкін… елес…
*
Үдеген қарқыны,
Аспанда атойлап…
Найзағай жарқылы,
Жарқ етті айналам.
Алыстан жалт ойнап-
Ағаштай тереңге,
Тамырын байлаған.
Шайқалған бұлтты күн,
Қайқы төс жарылған,
Жарық – Ай,
Дірілдеп…
Жаңбыр тек сөйлейді,
Табиғат тілінде,
Күбірлеп!
тамаша шығарма, нәзік жазылған