Танымал продюсер Rin’Go тобының жетекшісі Алуа Қонарова мен Tengrinews.kz порталының қызметкері Роза Есенкулованың Facebook әлеуметтік желісінде жазған жазбалары көпшіліктің ашуын туғызды. Заңгер Руслан Түсіпбеков болса екеуінің де жазбаларынан ұлттық алауыздықтың «иісі сезіледі» дегенді айтып отыр. Яғни, олардың үстінен іс қозғалу керек дейді ол.
Заңгер өз жазбасында құқық қорғау органдарынан ҚР Қылмыстық кодекстің 174-бабымен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) істің қозғалуын талап етіп, көпшілікті өзін қолдауға шақырды.Заңгерді ашуландырған не жазба деп ойларсыздар… Айтайық… Журналист Роза Есенкулова әлдекімдерді “топас мәмбеттер” (тупые мамбичи) деп жазған. Р.Түсіпбеков болса журналистің “мәмбет” деп кімдерді тұспалдағаны айтпаса да түсінікті дейді. Олар ауылдан Алматыға келген қазақтарды айтты ма, әлде өзгелерді меңзеді ме, ол жағын біле алмадық.
Comode.kz