Ей, адамның баласы, МЕН саған таңның атуы мен күннің батуын ғана қадағала деп ғұмыр берген жоқпын. Жеткен кешің ертеңіңе жоспар болсын, сен тоспаған «Қызыр сыйларға» әзірлік болсын деп таңыңды атырдым. Сен өзің айтпақшы «Дайын асқа тік қасық» деп МЕНЕН ғана сілтеу тосасың. Сенің маңдайыңа МЕН ештеңе жазған жоқпын, керісінше сен жазып, оны МЕН оқығанды жөн көріп едім. Қанша ғалам тудырдым, бірақ соның бір де бірі өз ойымен жүріп кете алмады. Бәрі әлденеге жалтақтап, МЕНІҢ құптағанымды тосты. Сендер өз күнәлеріңді МЕНЕН көрдіңдер. Иә, рас, тек – МЕН күнәлі емес кінәлімін, себебі сендердей ұмтылыссыз туындыны туғаныма…  


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here