Біздің «жаңашылдар» реформаларды өзгелерден көшіріп алатын жаман оқушы секілді ме дейсің. «Жол картасы» дегенді де өткен ғасырдағы АҚШ-та болған «ұлы дағдарыс» кезінде қолданған Т.Рузвельттің әдісі екен. Сол сияқты «үш тұғырлы тіл» Сингапурдың «төрт тұғырлы тіліне» еліктеушілік пе?

Батыстың демократиясы біздің менталитетке ұшық сияқты дерт екені күннен күнге көрініп келе жатыр. Осы орайда мәдениет саласына енгізбекші болып жатқан жаңа тәртіпке оң көзқараспен қарауға тура келеді. Себебі, тиымы жоқ үйдің баласынан жақсылық күту неғайбыл. Иә, ұлттық болмысымызды божыратып, қойыртпақ жұртқа айналдыруға тырысқан жат мәдениетті тежеп қана қоймай, оның түп-тамырынан отау керек. Сайтани құндылықтарды дәріптеп жүрген «отандық сайтандар» шулай бастаған сыңайлы.

Демократия – «Орыс өзі біледі, дамбалына сиеді» емес – заңға жүгіне қоғамдасып өмір сүру негізі емес пе?

Осы орайда ойға қаласың: неге біз Сингапурдың қоғамдық қатал тәртібіне, Қытайдың қылмескерге деген аяусыз жазасына мән бермейміз. Нағыз жемкорлар атылса билік тазарар, тәртіп қаталданса қоғам гүлденер ме еді?

Осының бәрі адамның қолынан келетін шәруа ғой. Халықтың жағдайы жасалса, ол әлдекімнің айтағына еріп, ереуілге шығар ма еді?

Оппозициямен күрес дегеніміз – халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған әлеуметтік шараларды дер кезінде іске асыру деп түсінемін.

Қазір батысты сөгіп жатыр. Олардың басшылары бір кезде келісіп алған сыңайлы. Тауар мен қызметті арзандатып, айлық пен әлеуметтік көмекті ұлғатып, халық қалай күн көрем деп қайғырмайтын жағдайға жеткізу керек деп. Содан әлгі басшылар халық деген проблемадан құтылыпты-мыс.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here