Ессіз жалған саған ғашық жан едім,

Қызық болып көрінетін әлегің!.

Балалықта өсу арман болатын,

Өсе қалсаң, табылардай керегің.

Сөйтсем жаным, арман деген алыстап,
Қараң беред кешегі күн қалыс қап.
Үміт алдап, ауырлайды мақсатың
Алжасады ойың биік ғарыштап.

Сөйтсем жаным, алаңдайсың әр неге,
Үркітеді, қорқытады әлдене!.
Қараңғылық бір бұрыштан сығалап,
Қамаласығң шарасыз бір бөлмеге!.

Неге сонда дейсің осы асықтым,
Жүрегіңе ұялайды қасық мұң?!.
Ессіз жалған кеше мені қуантсаң,
Бүгін неге аямадың, жасыттың!?.

2017 ж

Жан анашым…

Күйіндің ау, тағы бүгін күйіндің,
Басымыздан өтіп жатыр қиын күн.
Шарасызбын, шарасыздық шаршатты,
Бір амалым, тағы аллаға сйындым.

Сенің күлкің арман болды мен үшін,
Не істей алам бұл өмірде сен үшін,
Жан жүрегім сыздап барад, тырнақпен
Сыпырып ап тастағандай терісін.

Не істей алам, амал бар ма жасарға,
Бұл жалғаннан безінуге қашарға,
Несібемнен қағылғам ау шамасы,
Сен өзхгеге мені анашым қосарда

Жоқшылықтан күйреп жүрдің бұрында,
Бала болдым содан сыйды ол ұғымға,
Есейдік ал, жұмысым жоқ бейбақпын,
Табысым жоқ жарап қалар тығынға.

Ұрсшы маған пайдаң жоқ де, жоғал де,
Жұмыс істе отырғаның болар де,
Кінә артпадың сол жанымды ауыртты,
Үндемедің, шіркін күнім оңар ма?!

Ауылыма

Шоғырланған ауыл едік біз бұрын,
Құрметпенен қонақ еткен бір – бірін.
Жел тұрды да бұзып жарып әкетті,
Пана болып бүркеп тұрған түндігін…

Көшті бәрі, көшті көңіл керуен
Көшті адамдар, қу тірліктен жеріген.
Орман қалды әр қуысын жел үрлеп,
Үйлер жатты, үйінділер белінен.

Көшті адамдар, қызық қалды кешегі
Танымайсың ойын қуған көшені!
Топ тобымен доп қуалап балалар,
Көңіл деген қош еді ғой, қош еді…

Сағыныштан өртенеді өзегім,
Иесіз үйлер , ортасында келемін…
Шоғырланған ауыл едік біз бұрын,
Ағайындар желбіреткен желегін…

Бір солдатқа…

Мен ұялдым, өзім үшін ұялдым
Болғандықтан қияндағы қиял – мұң!
Түптің – түбі өткеніімді есеп қып,
Естелікті сандығыма жиярмын.

“Басымыздан соғыс өтті” – деп тұрып,
Сәлем бердің күлімсіреп кеп тұрып.
Бұл өмірдің қадіріне жете алмай,
Қадірсіз боп жүргендей бұл көпшілік.

Ауғандықтар бас қосуда бүгінде
Сапар шегед өтіп кеткен күнінде..
Бір жолдасын жауға тастап кетпейтін,
Бәз баяғы өзгермеген күйінде…

Мен ұялдым, өзім үшін ұялдым
Түңілістен болғандықтан сиям мұң.
Жазғырғанда басқаларды аяусыз,
Жамандыққа ойланбастан қия алдым.

Білмей жүрім бе, жақынымның қадірін,
Іздеп жүрім ау, дүниенің сағымын.
Бір күніме түкіріп сап өкпе артып,
Мен опассыз болған екем – жарығым!.

Қарашы оған ол достықты бағалап,
Бесқарағай жерінде жүр “ағалап”!
Өткен күнін еске алуда солдаттар,
Қарғыс атқыр Ауған жерін қаралап.

Себебі де белгісіз сол майданда,
Көп қыршындар кеткен болар арманда.
Ескерткішке басын иіп сәл тұрды,
Достары үшін құрбан болған Ауғанда.

Ұят болар, көздің жасын тыйайын,
Тіршілікте бір жақсылық қылайын.
Адамзатқа бақыт берем десең сен,
Ажырамас достық берші – Құдайым!.

Кетті дейді

Кетті дейді, кетті дейді оқуға
Сана деген мұңлы ойларға батуда!:
Жүрегімнің күндегі сыр шерткен,і
Күдік болып, күдік жауап қату да

Түн басқандай маңайымды құлазып,
Сол жүрекке жетпейтіндей бір азық!.
Таң баласы арман мені арқалап,
Шақыратын алыстағы шынарым.

Ол күдікке күшім салып ермедім,
Көкіректі қыйнай түсті керме мұң.
Сен хабарсыз болған сайын сағындым,
Күтіп жүрмін, күтудемін келмедің!


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here