Аруағыңыздан айналайын қазақтың біртуар ұлы ДИМАШ АТА !!!          Сеңдей сенделген халқыңыз өзіңіздей ізетті, парасатты, обал мен сауапты білетін, әлсізге қамқор болып, арсызға сес көрсететін елінің шынайы көшбасшысын іздеп тұлыпқа қарап мөңіреген бұзаудай әрі сәрі күйде жүр!!! Серік Әбдірайымұлы деген жазушы-журналист атамыз қызмет бабында Дінмұхамед Ахметұлының қасында ұзақ жүріпті.

 – “Оңтүстік өңірге іс-сапармен жолға шықтық. Облыс орталығынан бірден ауданға тартып, егіс басын аралап, еңбеккерлермен кездесіп, елдің мұң-мұқтажын тыңдап жүрген сәтте, Мәскеуден:

 – “Қонаев дереу Алматыға кейін қайтсын. Шұғыл кеңесетін шаруа бар, – деген суыт хабар жетті дейді. Содан ауыл еңбеккерлерімен қоштасып, егіннің арасымен сүліктей қара “Волгалар” облыс орталығын бетке алыпты. Сөйтсе, облыс орталығына баратын жолда ауыл бар екен. Соның тұсынан бір әйел бірнеше баласымен жол жиегіне жайғасып,  бірінші хатшыны күтіп отырса керек. Димаш атаның көлігі сол әйелдің тұсынан өтіп бара жатқанда кілт тоқтай қалыпты. Еңселі Димаш ата, машинадан шығып, әлгі әйелге қарай жүрді дейді.      

 – Апасы, не істеп отырсыз жолдың бойында, балаларға обал болды ау күннің астында?-, деп сұрапты.     

  – Димаш Ахметұлы , мен бір 12 құрсақ бала көтерген ана едім. Сізді келеді деп осы совхоздың директоры, ауданның бірінші хатшысымен бір ай дүрліктіріп есімді алды. Он екі қанат ағаш үй тіктірді. Жасауды жаңадан жасап, атшаптырым дастархан дайындатып қойдым. “Алтын алқа” иегері едім! Мыналар “Сізді біздің үйден түстенеді” деп жүр еді. Оның арасында жаңағы шұғыл хабарды естідім. Мұсылманның баласысың, үйіме бас сұғып, ең болмаса нан ауыз тиші,-деп айтыпты. Содан әлгі сүліктей Үкіметтің көліктері шағын ауылға қарай бұрылыпты. Қонақтар ақшаңқан ағаш үйге бас сұғып, Димаш ата етектегі төсенішке тізерлей, нан ауыз тиіп, балаларымен аз кем сөйлесіп батасын берді дейді. Сөз соңында әлгі әйелден:   

 – Апасы не бұйымтайыңыз бар, бірінші хатшыға тапсыратын, айтыңыз? – деп күлімдеген.     

 – Ешқандай. Тек бір өтінішім бар. Алтын құрсақ ана екенімді айттым, мына жатқан жастықты аяғыңызбен бір басыңызшы, мына балалардың басына ырымдап жастап, өсірейін! Бар айтарым сол,-депті. Димекең сәл ойланыңқырап қалып барып:       

 – Жастық киелі нәрсе. Адам басына жастанатын жастықты аяққа басқаным айып болар құдайдың алдында! Бір сүйіп, маңдайыма тигізіп берсем бола ма?!-деп әлгі әйелден әрі сұраған болып, әрі әдептің мәні сол екенін бір ауыз сөзбен ұғындырыпты деседі дүйім жұрт күні бүгінге дейін! Атыңнан айналайын ДИМАШ АТА!!! Ықшамдаған НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

  Kazakh-tv.kz    

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here