Жуырда өткен соттың нәтижесі елімізде ғана емес, жалпы әлемде үлкен резонанс тудырғаны көпшілікке мәлім. Сайрагүл Сауытбай қандасымыздың тағдыры оң шешім тапқаны әсіресе, қазақ халқы үшін өте қуанышты серпіліс әкелді. Ұлт бірлігі мен мемлекеттігімізді айқындайтын тың, көксеумен келе жатқан арманды биікке көртерілдік десе болады.

Осымен кеудені лепірткен қуанышты баса тұрып, осындан соңғы салдарға көз жүгіртсек. Журналист, ІІМ-нің ардегері Мархабат Қасымжанованың алаңдаған пікіріне ортақтық танытқым келеді. Әсіреқызылдыққа басым кейбір жұрт ақ түйенің қарнын жарып тойлатып та кеткен көрінеді. Осы орайда Мархабат ханым былай дейді:

 «АЙТАРЫМ бар АҒАЙЫН! “Сайрагулді аман есен құтқарып, алып қалдық деп, алақайлап кеттік. Егер, мен бір нәрсені білетін болсам, енді оны қытайдың разведкасы мен,тыңшыларынан қорғау өте қажет біле білсек. Бұл қыз қытайда жауапты қызметтер істеген екен. Олардың талай жасырын әрекет теріне куә… енді, олар Сайрагүлдің артына тыңшыларын салып, зиян келтірмеу жағын ойлануымыз керек. Оны өзі де жақсы білетініне шүбәм жоқ. Сондықтан да,олардың қуанышы мен бақыты ұзағынан болсын десек, Сайрагүлдің атын аңызға айналдырып, әр соц.сеттер, фб,  ватсап, инст. тб. радио ТД хабарлары, баспасөз беттеріне шығарып, күн сайын сухбаттар алып, мадақтауларыңызды доғара тұру керек менің ойымша, залал келтірмеу үшін. Оның өзі мен бала-шағасының қауіпсіздігіне де көңіл бөлінсе дұрыс болар еді пиарит ете бермей. Сайрагүл бостандыққа шыққалы мені осы ойлар қатты мазалап жүр. Тіптен, оларға тұратын мекен жайын да ауыстыру қажет пе, деймін…  Осы жөнінде қандай пікір қосасыздар? Бұл менің 24: жыл ІІМ саласында қызмет еткен тәжірибе, көріп,білгенімнің нәтижесінен туған ойлар. “Үй өзімдікі деме,үй артында кісі бар” деген ҚАЗАҚ Бабаларымыз!»

Бұл өте орынды алаңдаушылық. Сонынмен қатар қорғаушысы болған және ары қарай да Сайрагүлдің тағдырынан алыстап кетпейтінін білдірген адвокат Абзал Құспан бауырымыз да өз ойын айтқан еді.

Сайрагүлдің ісі 85% жүзеге асырылған көрінеді. Бұның барлығы  істің әлемдік дәрежеге көтеріліп,  халықаралық заңдардың шеңберінде қаралғандығының нәтижесі екені айтылды.

Сондай-ақ, біздің заңгерлердің халықаралық деңгейде іс жүргізу тәжрибесі мен халықаралық қауымдастықтармен қарым-қатынасы да болмапты. Бұл – осы саладағы қанат қаққан алғашқы қарлығаш іспетті.

Әлдебір лауазымдының ықпалына жығыла салатын кейбір соттарға үлкен сабақ. Жуан жұдырықты түгілі алпауыт мемлекеттің өзі халықаралық заңдылық алдында бас июге мәзбүр болды.

Сайрагүл Сауытбек ісінің осылай шешілуі қоғамдағы азаматтық сананы оятуға себепкер болса, «Жаңғыру» деп ұран көтерген билік тарапына да жаңа бетбұрыс жасауға дүмпу болуы тиіс.

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here