Қаңғыбас иттер жергілікті тұрғындар үшін қауіпті, өйткені олар инфекциялық ауруларды тасымалдайды, құтырып кеткен кезінде тіпті қауіпті. Қаңғыбас бір топ ит көшеде жалғыз-жарым жүрген балаларға, ересектерге шабуыл жасап, оларды өлтіріп қоюы да мүмкін. 

Далада қаңғырып жүрген иттердің көлемі жыл өткен сайын өсіп келеді. Оның себебі көп. Кейбіреулер қожайынының жауапсыздығынан, кейбіреуі адасып кеткеннен, кейбіреуі қоқыстан тамақ жеп үйреніп қалғаннан, асыраушысы жоқтығынан көшеде қалып жатады. Осыған байланысты дамыған елдерде қаңғыбас иттермен күресу үшін арнайы ереже қабылданған. 

Мысалы, АҚШ-та қаңғыбас итті қадағалау қағидасы 1976 жылы жасалып қойған. Бұр ережеде Animal Care and Control арнайы қызметі қаңғыбас иттерді қалай қадағалауы керектігі анық жазылған. Аталған ереже барлық штатқа ортақ. Осылайша қараусыз қалған кез келген итті мамандар ұстап алып, баспанаға жібереді. Мамандарға полиция офицерлері де көмекке келіп жатады, өйткені Америкада итті, жалпы жануарды қорлаған адам тергеуге ілінеді.

Америкада иттерге арналған баспанада қаңғыбас итке қожайын ізделеді. АҚШ-та ит асырау мәселесі де маңызды.

АҚШ-тың әр қаласында жануарларды қадағалайтын өзіндік бағдарлама жұмыс істейді, ол: 

– ұстап алып, стерилизациялап, баспанаға жіберуге; 

– азаматтарға ағартушылық жұмыстарын жүргізуге; 

– итті серуендету ережесіне; 

– идентификацияланған жетондарды үйлестіруге;

– бір адам басына жануар санын шектеуге; 

– әкімшілік заң бұзылған жағдайда, төлем өндіріп алуға,

– төрт аяқтылардың статистикасын жүргізуге бағытталған. 

Германия – жануарларды қорғау туралы заң шығарған алғашқы мемлекет (2002 жылы қабылданған). Ол жақта “Жануарлар құқығы” қатаң бақыланады. Германияда жануарларға жауапкершілікпен қарамаған адам жазаға тартылады, яғни оған айыппұл салынады. Мысалы итті көшеге шығарып тастасаңыз, 25 мың евро айыппұл төлейсіз. 

Одан бөлек, Германияда жануарларды бейберекет асырап алуға тыйым салынған. Қаңғыбас ит пен мысық санын азайту үшін мемлекет оларды арнайы квота арқылы азайтады, бұл саннан аттап өтуге болмайды, ресми түрде тіркелген жануар асырайтын мамандар да бұл ережеге бағынады. 

Ресей мен Украинада қаңғыбас иттермен күресу қағидасы бірдей. 

Ауру емес иттерді жаппай атып тастауға болмайды, өйткені олар қоғамға ешқандай зиян тигізбейді. Ресейде итті өлтіруге 1999 жылы тыйым салынды, бірақ ит адамға шабуылдаған болса, құтырып кетсе, оны атып тастайды. 

Украинада ұстап алу, стерилизациялау, қайтарып беру сызбасы енгізілген. Бірақ стерилизациялау қымбат тұратындықтан, әлі күнге дейін кең тарала қойған жоқ. Мемлекеттік деңгейде қолдауға ие болмаған жеке баспаналар қаңғыбас иттерді паналатуға қауқарсыз. 

Қытайда ит етін жейтін адамдар бар, олар жыл сайын 10 миллион итті өлтіріп, одан тамақ жасайды. 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here